Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Әуезов ауданында экономикалық өсім байқалады

Әуезов ауданында экономикалық өсім байқалады
Фото: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Әуезов ауданының әлеуметтік-экономикалық даму қарқыны орнықты. Өткен жылы шағын және орта бизнес нысындарының саны 7 пайызға өсіп, 57,1 мыңнан 61 мыңға жеткен еді. Бұл өз кезегінде 9 мыңнан астам жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік берді. Аудан экономикасына 82 миллиард теңге инвестиция тартылды, бұл қалалық жалпы көлемнің 5,8 пайызы деген сөз. Бұл туралы Алматы қаласы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Әуезов ауданының әкімі Абзал Егембердиев мәлімдеді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әкімнің айтуынша, шағын және орта бизнес - аудан экономикасының негізгі қозғаушы күші. Ауданда қазір 12 ірі кәсіпорын жұмыс істейді. Биылғы жылдың басынан бері олар 83 миллиард теңгенің өнімін өндірген. Жыл соңына дейін бұл көрсеткішті 100 миллиард теңгеге дейін жеткізбек ойда.

Басқа салада да осындай өсім бар. Бөлшек сауда көлемі өткен жылмен салыстырғанда 30 пайызға артып, 798 миллиард теңгеге жетті (өткен жылы – 612,7 миллиард теңге болатын). Құрылыс саласы 46 пайызға өсіп, табыс 62 миллиард теңгені құрады.

Салық пен бюджетке төленетін басқа да төлемдердің түсімі жоспардан асып, жоспардағы 265 миллиард теңгенің орнына 284 миллиард теңгеге жетті. Өсу қарқыны – 125 пайыз.

Осының арқасында Әуезов ауданы Алматыдағы қарқынды дамып келе жатқан ауданның бірі болып, қала экономикасына елеулі үлес қосып отыр.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады