Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды сел және көшкін қаупі кезеңіне дайындықты күшейтуді тапсырды

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды сел және көшкін қаупі кезеңіне дайындықты күшейтуді тапсырды
Фото: Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды сел және көшкін қаупі кезеңіндегі қауіпсіздік мәселесі бойынша кеңес өткізді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жиын барысында қала қызметтерінің дайындығына және тау бөктеріндегі аудандарда құрылыс нормаларының сақталуына ерекше назар аударылды. Өткен жылдың қорытындысы бойынша беткейлерді заңсыз кесу және жер бедерін өзгерту фактілері анықталды. 30 жер аумағының меншік иесі жауапқа тартылып, айыппұл салынып, заңбұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді.

Таулы аумақтар мен өзен арналары бойындағы 9 аумақта трос-торлы жүйелер мен анкерлік бекітпелер қолдану арқылы беткейлерді нығайту жұмыстары аяқталды. Сонымен қатар, көшкін қаупі бар аймақтарда орналасқан 13 жер аумағы сатып алынып, оларды көркейту және көгалдандыру жұмыстары жоспарланған. Төтенше жағдайлар департаментіне өзен арналарына, мұздақ көлдерге және селден қорғайтын бөгеттерінің жай-күйін бақылауды күшейту тапсырылды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
«Таза Қазақстан»: Астанада «Рыскелді қажы» мешітінің маңында экологиялық акция өтті