Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматы облысында көшкін қаупі бар 55 учаске бар

Алматы облысында көшкін қаупі бар 55 учаске бар
Фото: Алматы облысының ТЖД

Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаменті облыстың көшкін қаупі бар 55 учаскесіне аэровизуалды тексеру жүргізілгенін мәлім етті, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы облысының ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Атап айтқанда, өңірдегі көшкін қаупі бар учаскелерді зерттеу мақсатында Ұзынқарғалы, Шамалған, Қаскелең, Ақсай, Қарғалы, Үлкен және Кіші Алматы өзендерінің бассейндері, Талғар, Есік, Түрген, Іле Алатау жотасы бойынша аэровизуалды тексеру жүргізілді.

— Қайғылы жағдайлардың қаупін азайту мақсатында өзендер мен автожол арналарының қауіпті учаскелерінде 16 ақпараттық қалқан мен ескерту белгілері орнатылды, — деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, көшкін қаупі бар кезеңде 11 адамнан тұратын жедел штаб құрылып, бекітілген. Сондай-ақ, 12 адамнан тұратын авариялық-механикаландырылған бригаданың құрамы мен 7 бірлік арнайы және 4 бірлік жедел мобильді техника жасақталған. Қазіргі уақытта облыстың таулы аудандарында жағдай тұрақты.

Еске салайық, бұған дейін Ақсайда тұрғын үйдегі өрт салдарынан 2 бала, 1 әйел жансақтау бөліміне жатқызылғанын жазғанбыз. 

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты