Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қара металлургия саласындағы жобалар аясында 10 мыңнан астам жұмыс орны ашылады

Қара металлургия саласындағы жобалар аясында 10 мыңнан астам жұмыс орны ашылады
Фото: ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі

2026 жылы еліміздің қара металлургия саласында жалпы инвестиция көлемі шамамен 154 млрд теңгені құрайтын жеті жобаны іске қосу жоспарланып отыр. Нәтижесінде 1,1 мыңнан астам тұрақты жұмыс орны ашылады деп күтілуде. Бұл туралы «QazIndustry» АҚ Жобаларды іске асыруға мониторинг жүргізу және талдау дирекциясы мәлімдеді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне сілтеме жасап.

Биыл қара металлургия саласындағы жобаларды іске асыру аясында ферросилиций, түрлі диаметрдегі арматура, тік жікті және мырышталған құбырлар өндірісі іске қосылады.

Бұдан бөлек, аталған салада тағы жеті жоба іске асырылуда. Олар 2027–2028 жылдары іске қосылады деп жоспарланып отыр. Жобалардың жалпы құны 2 трлн теңгеден асады. Аталған жобалар шеңберінде ферроқорытпа, профильді және жолақты болат, болат дайындамалар, сым және ірі көлемді болат құбырлар өндірісі жолға қойылады. Осы жобаларды жүзеге асыру нәтижесінде 3,5 мыңнан астам тұрақты жұмыс орны ашылады деп күтілуде, оның шамамен 1,2 мыңы ауылдық жерлерге тиесілі.

Сонымен қатар салада тағы 16 жоба пысықталу үстінде. Олар ыстықтай брикеттелген және кеуекті темір, премиум санаттағы болат, жоғары тазалықтағы марганец, ұнтақтаушы шарлар, электрмен дәнекерленген құбырлар, швеллерлер, сондай-ақ өзге де темір және болат өнімдерін өндіруге бағытталған. Бұл жобаларға салынатын инвестиция көлемі 2,8 трлн теңгені құрайды, нәтижесінде 5,5 мың жұмыс орнын құру көзделіп отыр.

Жалпы, іске асырылып жатқан және алдағы кезеңге жоспарланған 30 жоба бойынша шамамен 5 трлн теңге инвестиция тарту және 10,2 мың жұмыс орнын ашу көзделген. Оның 3,7 мыңы ауылдық жерлерде құрылмақ.

Дирекция мамандарының айтуынша, қара металлургия – еліміздің өнеркәсіптік кешенінің ірі әрі жетекші салаларының бірі. Саланың тұрақты дамуына өзіндік шикізат базасының (ірі темір және кремний кен орындары) болуы және әртүрлі құрамдағы ферроқорытпалар өндірісінің дамуы оң әсер етуде.

Айта кетейік, қара металлургия өнімдерін өндіру бойынша ірі жобаларды Қарағанды, Қостанай, Павлодар және Жамбыл облыстары аумақтарында жүзеге асыру жоспарлануда.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты