Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Автожол саласын дамытудың 2026 жылға арналған жоспарлары айқындалды

Автожол саласын дамытудың 2026 жылға арналған жоспарлары айқындалды
Фото: ҚР Көлік министрлігі

Көлік вице-министрі Мақсат Қалиақпаровтың төрағалығымен Автомобиль жолдары комитетінің, ведомстволық бағынысты ұйымдар мен олардың филиалдарының басшылығы, сондай-ақ облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардың салаға жетекшілік ететін басқармалардың басшылары қатысқан кеңейтілген кеңес өтті, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР Көлік министрлігіне сілтеме жасап. 

Жиында өткен жол-құрылыс маусымының қорытындылары шығарылып, алдағы кезеңге арналған саланың даму басымдықтары айқындалды.

Өткен жол-құрылыс маусымын қорытындылай келе, атқарылған жұмыстардың ауқымды көлемі атап өтілді. Атап айтқанда, 2025 жылы барлық жұмыс түрлерімен шамамен 13 мың шақырым жол қамтылды. Оның ішінде 6 мың шақырым жолда жұмыстар толық аяқталды: 3 мың шақырымы – республикалық желіде, 3 мың шақырымы – жергілікті желіде. Жыл қорытындысы бойынша нормативтік жағдайдағы жолдардың үлесі республикалық желіде 94%-ға, жергілікті желіде 91%-ға дейін жеткізілді.

Автомобиль жолдарында 10 мыңнан астам техника бірлігі және шамамен 25 мың өндірістік персонал жұмылдырылды. 10 млн тоннадан астам асфальтбетон қоспасы төселіп, 1 218 мың тонна жол битумы пайдаланылды.

Кеңес барысында ағымдағы жылға арналған жоспарлар талқыланды. Биыл республикалық және жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының 11 мың шақырымнан астамы жобалармен қамтылмақ. Бұл жаңа құрылыс жұмыстарын да, сондай-ақ қолданыстағы жол желісін реконструкциялау, күрделі және орташа жөндеу жұмыстарын да қамтиды.

Атап айтқанда, Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған стратегиялық инфрақұрылымдық бағыттарды белсенді іске асыру басталады. Олардың қатарында «Орталық – Батыс», «Қарағанды – Жезқазған», «Сарыағаш қаласын айналып өту жолы» және өңірлердің көлік байланысын нығайту мен елдің транзиттік әлеуетін дамытуға ықпал ететін маңызды жобалар бар.

Кеңесте саланы цифрлық трансформациялау мәселесіне де ерекше назар аударылды. Елде республикалық және жергілікті маңызы бар жолдар жөніндегі деректерді бірыңғай цифрлық платформаға біріктіретін «Е-Жолдар» бірыңғай ақпараттық жүйесі құрылуда. Қазіргі уақытта «Жол паспорты», «Жол жөндеу» және «Қоғамдық бақылау» модульдері әзірленді, жол желісі бойынша толық әрі өзекті ақпаратпен «Жол паспорты» модулін толтыру жұмыстары қарқынды жүргізілуде.

2026 жылдың екінші жартысында «Талдау», «Жүргізушілерге арналған инфроорталық» және «Жағдайлық орталық» модульдерін әзірлеу аяқталғаннан кейін жүйені пилоттық пайдалануға енгізу жоспарланып отыр. Цифрландыру үдерістердің ашықтығын қамтамасыз етіп, жолдардың жай-күйін жедел мониторингтеуге, атқарылған жұмыстардың сапасын бақылауға және елдің автожол инфрақұрылымын тиімді басқаруға мүмкіндік береді деп күтілуде.

Сонымен қатар кеңес барысында Астана агломерациясын дамыту, жергілікті жол желісін жаңғырту, салалық ғылымды ілгерілету және кадр даярлау мәселелері де жеке қаралды.

Кездесу қорытындысында Мақсат Қалиақпаров басым бағыттар ретінде сапаны қамтамасыз ету, мерзімдерді сақтау, заманауи технологияларды енгізу және барлық жоспарланған жобаларды мүлтіксіз іске асыру маңызды екенін атап өтті.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты