Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қазақстан отандық өндірісті күшейтуде: елішілік құндылықты дамыту бағдарламасы қалай жүзеге асырылуда

Қазақстан отандық өндірісті күшейтуде: елішілік құндылықты дамыту бағдарламасы қалай жүзеге асырылуда
Фото: ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі

Бүгін Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Олжас Сапарбеков пен «Qarmet» АҚ басқарма төрағасы Вадим Басин 2026-2029 жылдар аралығына арналған елішілік құндылықты дамыту бағдарламасына қол қойды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне сілтеме жасап.

Бұл бағдарлама елдің ішкі құндылығын дамыту және өнеркәсіптік әлеуетін нығайту жөніндегі мемлекеттік саясат шеңберінде жүзеге асырылады. Аталған құжат Мемлекет басшысының реттелетін сатып алулардағы қазақстандық қамту үлесін үш жыл ішінде кемінде 60%-ға жеткізу жөніндегі тапсырмасын орындауды қамтамасыз етуді көздейді.

Ірі бизнес ережелерді сақтау үшін ұзақ мерзімді және оффтейк-шардтары пайдаланады, бұл қазақстандық өндірушілерге сұранысты кепілдендіреді және локализацияны кеңейтуге жағдай жасайды.

Осылайша, бұл қадамдар отандық кәсіпорындардың жүктемесін арттыруға, импортқа тәуелділікті төмендетуге, өнеркәсіптік кооперацияны күшейту және шағын және орта бизнесті дамуға ынталандыруға мүмкіндік береді.

«Qarmet» АҚ мемлекетіміздегі елішілік құндылықты дамыту бағдарламасын дайындау, келісу және бекіту рәсімінен толық өткен алғашқы ірі өнеркәсіптік кәсіпорындардың қатарына кіргенін атап өту маңызды.

Қазіргі таңда «Qarmet» металлургиялық комбинаты өндірістің технологиялық деңгейін арттыру, өнім желісін кеңейту және металды қайта өңдеуді тереңдетуге бағытталған ауқымды инвестициялық жаңғырту бағдарламасын іске асыруда.

Бүгінде компания негізгі алты бағытты ұстанады:

  • өнімдер, жұмыстар және көрсетілетін қызметтер тұрғысында елішілік құндылық үлесін ұлғайту;
  • локализациялау (қатысу өңірлерінде шағын және орта бизнесті дамыту) – жергілікті тауар өндірушілерді жаңа өндіріс орындарын құру бойынша қолдау;
  • өнімнің жаңа түрлерін шығару;
  • қазақстандық мамандарды даярлау;
  • өңірлерде және жалпы ел аумағында өнімді сату желісін кеңейту;
  • компания жұмыс істейтін аймақтардағы әлеуметтік даму.

«Qarmet» басымдықтарының қатарына сатып алуды локализациялау, ұзақ мерзімді оффтейк-келісімшарттар жасасу және металлургия комбинатының айналасында кооперациялық тізбектерді қалыптастыру жатады. Осы шараларды іске асыру отандық өндірушілердің өнімдеріне тұрақты сұранысты қамтамасыз етеді және шағын және орта бизнестің өнеркәсіптік белдеуін құруға ықпал етеді.

«Qarmet» компаниясының елішілік құндылықты дамыту саясатын іске асыруға қатысуы бизнестің мемлекетпен жүйелі әріптестікке дайын екенін көрсетеді және еліміздің өнеркәсіптік әлеуетін нығайту үшін берік негіз қалыптастырады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты