Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматы облысы әкімі Марат Сұлтанғазиев «ДАМУ» индустриялық-логистикалық орталығының ұжымымен кездесті

Алматы облысы әкімі Марат Сұлтанғазиев «ДАМУ» индустриялық-логистикалық орталығының ұжымымен кездесті
Фото: Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев «ДАМУ» индустриялық-логистикалық орталығының еңбек ұжымымен «Әділетті заң – тұрақты мемлекет негізі» тақырыбында кездесу өткізді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кездесу барысында заң үстемдігі, әділетті қоғам қалыптастыру және азаматтардың құқықтарын қорғау мәселелері кеңінен талқыланды. Облыс әкімі өз сөзінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айқындаған «Заң мен тәртіп» қағидаты еліміздің тұрақты дамуының негізгі бағыты екенін атап өтті.

Әкім әділетті заң үстемдік құрған жерде кәсіпкерлік еркін дамып, инвестициялық ахуал жақсарып, қоғамда сенім мен тұрақтылық нығаятынын жеткізді.
«ДАМУ» индустриялық-логистикалық орталығы – Орталық Азия өңіріндегі бірегей жоба, еліміздегі алғашқы жеке индустриялық-логистикалық аймақтардың бірі.

Бүгінде орталықта 300-ге жуық қызметкер еңбек етеді. Кездесу барысында кәсіпорын қызметкерлерінің ұсыныс-пікірлері тыңдалып, өзекті сұрақтарына жауап берілді.

Сонымен қатар, биыл 15 наурызда өтетін жалпыхалықтық референдумның маңызы атап өтілді. Облыс басшысы әрбір азаматтың дауысы ел болашағы үшін маңызды екенін айтып, тұрғындарды белсенді азаматтық ұстаным танытуға шақырды.

Кездесу ашық диалог форматында өтіп, заң үстемдігін нығайту және демократиялық құндылықтарды дамыту мәселелері бойынша ортақ пікір алмасумен қорытындыланды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты