Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматы облысында цифрлық даму қарқыны артып келеді

Алматы облысында цифрлық даму қарқыны артып келеді
Фото: Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі

Алматы облысында цифрлық даму қарқыны артып келеді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұл туралы облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев Цифрландыру және ақпараттық технологиялар қызметкерлері күніне арналған салтанатты жиында айтты. Шара барысында сала үздіктері мен байланыс операторларының озық мамандары марапатталды.

Облыс басшысы өз сөзінде Мемлекет басшысының «Қазақстан алдағы үш жылда толыққанды цифрлық мемлекет болуы тиіс» деген тапсырмасына тоқталып, өңірдің бұл бағыттағы жетістіктерін атап өтті.

«Цифрлық трансформация – бүгінгі күннің басты талабы. Бұл бағытта атқарылып жатқан жұмыстар өңірдің даму деңгейін айқындайды. Сондықтан сапа мен тұрақты өсім – басты назарда», – деді Марат Сұлтанғазиев.

Әкімнің айтуынша, биылғы тоғыз айдың қорытындысы бойынша ақпарат және байланыс секторы 12 пайызға өсіп, өндіріс көлемі 13,7 млрд теңгеге жетті. Smart City индексі 70 баллды құрап, өткен жылмен салыстырғанда екі есеге артқан.

Қазір облыстағы 368 елді мекеннің 349-ы кең жолақты интернетпен қамтамасыз етілген. 261 ауылға талшықты-оптикалық байланыс желісі тартылып, 311 елді мекенде 4G желісі тұрақты жұмыс істеп тұр.

Алатау қаласының Жетіген ықшам ауданында 5G форматындағы байланыс іске қосылды.

«Алматы облысы әкімінің құрмет грамотасын алу – еңбегімізге берілген жоғары баға. Бұл марапат бізге салада жаңа жобаларды жүзеге асыруға зор ынталандыру береді», – деді Алатау қаласы әкімдігінің аппарат басшысы Жәнібек Қаратаев.

Сонымен қатар, «Алматы облысының цифрлық көшірмесі» жобасы аясында 33 елді мекеннің цифрлық картасы жасалып, 2000 шақырымнан астам инженерлік желі тартылған. Өңір аумағында 9 мыңнан астам интеллектуалды бейнебақылау жүйесі орнатылды. Ал облыс орталығы Қонаев қаласында жасанды интеллект технологиясына негізделген алғашқы Qonaev AI жүйесі іске қосылды.

Цифрландыру саласындағы осындай бастамалар аймақтың әлеуметтік-экономикалық әлеуетін арттырып, тұрғындардың өмір сапасын жақсартуға бағытталған.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті