Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматыда екі ойын-сауық орнының жұмысы тоқтатылды

Алматыда екі ойын-сауық орнының жұмысы тоқтатылды
Фото: polisia.kz

Алматы қаласының Медеу ауданында екі ойын-сауық орнының жұмысы тоқтатылды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Аталған нысандар бойынша бұған дейін заң талаптарын бірнеше рет бұзу дерегі тіркелген. Атап айтқанда, тыныштықты бұзу, бұзақылық әрекеттер және әкімшілік құқық бұзушылықтар анықталған. Сонымен қатар тексеру іс-шаралары барысында улы заттардың заңсыз айналым белгілері анықталып, осы фактілер бойынша қылмыстық істер қозғалды. Құқық бұзушылықтардың жүйелі сипатын ескере отырып және аудан прокуратурасының үйлестіруімен Медеу аудандық полиция басқармасы екі мекеменің қызметін тоқтату туралы шешім қабылдады.

– Егер мекеме заң талаптарын жүйелі түрде бұзып, қоғамдық қауіпсіздікке қатер төндірсе, қабылданатын шаралар қатаң болады. Аудан тұрғындарының жайлылығы мен қауіпсіздігі – біздің басты басымдығымыз. Заң – баршаға ортақ, – деді Медеу аудандық полиция басқармасының бастығы Жәнібек Шынасылов. 

Полиция өкілдері аудан аумағындағы ойын-сауық орындарына бақылау жұмыстары жүйелі түрде жалғасатынын атап өтті.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті