Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астанада жыл басынан бері 1200-ден астам кальян шегу фактісі анықталды

Астанада жыл басынан бері 1200-ден астам кальян шегу фактісі анықталды
Фото: Polisia.kz

Астанада жыл басынан бері 1200-ден астам кальян шегу фактісі анықталды, — деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына султеме жасап.

Елордада жыл басынан бері қоғамдық орындарда кальян шегуге қатысты 1200-ден астам құқық бұзушылық анықталды. Бұл фактілер полиция қызметкерлерінің рейдтік іс-шаралары барысында тіркелген. Мысалы, жақында Сарыарқа аудандық полиция басқармасының қызметкерлері кезекті рейд өткізіп, бір күн ішінде 7 ойын-сауық мекемесін тексерді.

Тексеру нәтижесінде 9 әкімшілік құқық бұзушылық анықталып, хаттамалар толтырылды. Сонымен қатар ойын-сауық орталықтарының бірінде 27 жастағы келушінің қоғамдық орында кальян шеккені белгілі болды. Оған қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің тиісті бабы бойынша хаттама толтырылып, мекеме әкімшілігіне заң талаптарын сақтау қажеттігі туралы ескерту жасалды. Қала аумағында мұндай рейдтер тұрақты түрде жүргізіліп келеді.

Сақшылар қоғамдық орындарда кальян шегуге тыйым салатын заңнаманы қатаң бақылауда ұстап, заң бұзғандарға қатысты әкімшілік шаралар қолдануда. Астана қаласы полиция департаменті қала тұрғындары мен кәсіп иелерін заң талаптарын сақтауғажәне салауатты өмір салтын ұстануға шақырады. Заң бұзушылықтарды анықтаған жағдайда, азаматтар полицияға хабарласа алады. 



скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді