Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астанада қар күреуге екі мыңға жуық арнайы техника шығарылды

Астанада қар күреуге екі мыңға жуық арнайы техника шығарылды
Фото: Астана қ. әкімдігі

Астанада қыс мезгілі басталғалы коммуналдық қызмет күшейтілген тәртіпте, тәулік бойы жұмыс істеп келеді. Қар күреу жұмысы үздіксіз жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Өткен түнде қар полигондарына 3 154 ауыр жүк көлігінің рейсімен 51 мың текше метрден астам қар мен мұз шығарылды.

23 ақпан күні таңертең қаланы қар мен мұздан тазалау жұмысына 1 946 арнайы техника мен 3 041 жол жұмысшысы жұмылдырылды.

Алдымен негізгі көшелер мен қоғамдық көлік жолдары тазаланады. Одан кейін қозғалыс қарқыны орташа аумақтар – аулалар, алаңдар, тротуарлар мен аялдамаларда жұмыс жүргізіледі.

Қыс маусымы басталғалы бері қаладан қар полигондарына 390 584 рейспен 5 787 942 текше метр қар шығарылды.

Тұрғындардың қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз ету үшін жолдарға, көшелер мен тротуарларға техникалық тұз себіліп жатыр. Бұл жұмыс та тәулік бойы атқарылып жатыр. Астана әкімдігі тұрғындар мен қала қонақтарын қауіпсіздік ережелерін сақтауға, жолдар мен тротуарларда барынша сақ болуға және қолайсыз ауа райында алыс жолға шықпауға шақырады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті