Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Үкімет өңірлердегі әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын талқылады

Үкімет өңірлердегі әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын талқылады
Фото: primeminister.kz

Өткен сенбіде Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғаринның төрағалығымен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының (ӘМАТ) бағасы талқыланды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ақпан айының басынан бері бағаның орташа өсу индексі 0,5%-ды құрады, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда екі есе төмен (1%).

Мемлекет басшысының инфляцияны тұрақтандыру жөніндегі тапсырмасын орындау аясында апта сайынғы кеңесте бағаның ең жоғары өсімі тіркелген өңірлердегі жағдайды мақсатты түрде қарау туралы шешім қабылданды. Жыл басынан бері мұндай өңірлер қатарында Маңғыстау облысы (ӘМАТ бойынша өсім – 2%) және Түркістан облысы (1,4%) аталып келеді.

Маңғыстау облысында бағаның ең жоғары өсімі қызанақ, сиыр еті, айран, сары май, картоп және басқа да бірқатар өнімдер бойынша тіркелді.

Өңірде ірі сүт өнімдерін өндіретін, ет өңдейтін, ұн және нан шығаратын кәсіпорындар жұмыс істейтіні сөз болды. Алайда өңірде көкөніс өндіретін кәсіпорындар жоқ. Баға өсімінің негізгі факторлары – күрделі логистика, азық-түлік өнімдерінің жергілікті жерде жеткіліксіз көлемде өндірілетіні және импортқа деген жоғары тәуелділік. Сонымен қатар көкөністі тұрақтандыру қорлары арқылы сату  жұмыстары тиісті қарқында жүргізілмей отыр.

Вице-премьер өңірдің негізгі өндірушілері жол беріп отырған баға өсімінің себептеріне егжей-тегжейлі талдау жүргізіп, Сауда комитетіне және «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясымен бірлесіп тұрақтандыру шараларын әзірлеуді тапсырды.

Түркістан облысында бағаның орташа өсу индексі Маңғыстау облысымен салыстырғанда төмен. Өңірде тауық жұмыртқасын, сүт өнімдерін, көкөніс пен ет өндіретін ірі кәсіпорындар жұмыс істейді.

Кеңес барысында құс еті мен жұмыртқа өндірушілерге жемге арналған арзандатылған ұн қажеттігі айтылды. Бұл өнімнің өзіндік құнын төмендетіп, бағаны тұрақтандыруға мүмкіндік береді.

Вице-премьер «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ұлттық компаниясына өңірді қажетті көлемде төмендетілген бағада астықпен қамтамасыз етуді тапсырды.

«Апта сайын біз баға өсімі тіркелген өңірлерді мақсатты түрде қараймыз. Сауда комитеті жеткізу арналары мен әрбір әлеуметтік өнімді сату кезеңіне дейінгі бүкіл тізбекті жедел талдап, қымбаттаудың қай кезеңде туындайтынын және орталық деңгейде қандай шаралар қажет екенін анықтауы тиіс. Өңірлер баға өсімінің себептерін жедел анықтап, тиісті шешімдер қабылдауға міндетті», — деді Серік Жұманғарин.

Сондай-ақ кеңес қорытындысы бойынша вице-премьер барлық өңірлерге наурыз айының соңына дейін тұрақтандыру қорларындағы көкөніс қорын толық өткізуді, ал Сауда және интеграция министрлігіне наурыз айының екінші жартысынан бастап ерте пісетін көкөністердің жеткізілуін қамтамасыз етуді тапсырды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті