Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Үкімет желтоқсанда азық-түлік бағасын тұрақтандыру шараларын талқылады

Үкімет желтоқсанда азық-түлік бағасын тұрақтандыру шараларын талқылады
Фото: primeminister.kz

Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен инфляцияны тұрақтандыру жөніндегі кезекті кеңесте азық-түлік бағасын ұстап тұруға бағытталған қолданыстағы және желтоқсан айына жоспарланған шаралар қаралды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Қарашаның алғашқы үш аптасы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының баға өсімі 0%-ды құрады. Желтоқсан – дәстүрлі түрде  тұтынушылық сұраныс артатын кезең. Жиынға қатысушылар супермаркеттер мен базар сөрелерінде сұранысы жоғары тауарлардың жеткілікті болуы және баға тұрақтылығын қамтамасыз етуге қажетті шаралар кешенін талқылады.

Әлеуметтік маңызы бар тауарлар тізбесін кеңейту

Сауда және интеграция министрлігінің Сауда комитеті әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесін уақытша кеңейту туралы жобаны әзірледі. Тізім бағасы жиі құбылатын тауарлармен толықтырылды. Құжат келісу сатысында. Жақын күндері бизнес-қоғамдастықпен және «Атамекен» ҰКП-мен егжей-тегжей талқылаулар өткізіледі.

Өңірлердегі жәрмеңкелер және «Береке fest» акциясы

Өңірлерде ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері жалғасуда: биыл 5 мыңнан астам жәрмеңке өтті және олар демалыс сайын ұйымдастырылып отырды.

Желтоқсан айында сауда желілерімен бірлесіп, республикалық «Береке fest» акциясы қайта өткізілмек. Сонымен қатар жергілікті әкімдіктер тауарлардың кең таңдауын қолжетімді бағамен ұсыну мақсатында жаңа жыл алдында жәрмеңкелер ұйымдастырады.

Азық-түлік импорттаушыларымен жұмыс

Импорттық азық-түлікке деген маусымдық жоғары сұранысты ескере отырып, Сауда комитеті ірі импорттаушылар мен азық-түлік жеткізушілерінің пулын қалыптастырды. Жақын уақытта олармен желтоқсан айында сұранысы жоғары тауарлардың баға тұрақтылығын қамтамасыз ету мәселелері бойынша кездесулер өтеді.

Баға мониторингі кеңес қорытындысы бойынша Премьер-министрдің орынбасары Сауда және интеграция министрлігіне әкімдіктермен бірлесіп, баға мониторингін тұрақты жүргізуді және жағдайға жедел әрекет етуді тапсырды.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
10 комментариев
  • Susanne
  • 25-10-2026, 20:51
  • : 20:51
  • Imogen
  • 26-10-2026, 22:50
  • : 22:50
References: Australian online pokies BPay bbs.airav.cc
  • Terrell
  • 27-10-2026, 01:11
  • : 01:11
References: Australian pokies accepting MiFinity legit MiFinity casinos Australia
  • Kandice
  • 27-10-2026, 03:09
  • : 03:09
References: MiFinity accepted table games AU https://foro.municion.org/
  • Maurine
  • 27-10-2026, 23:14
  • : 23:14
  • Don
  • 28-10-2026, 20:45
  • : 20:45
References: Pokies that take bpay australia brainchips.liuyanze.com
  • Meagan
  • 29-10-2026, 09:14
  • : 09:14
References: Payid pokies instant withdrawal australia direct bank transfer payid pokies
  • Norris
  • 29-10-2026, 18:29
  • : 18:29
References: Australian online casinos with MiFinity https://graph.org/
  • Kelly
  • 30-10-2026, 15:01
  • : 15:01
References: Casinos that accept wire transfer Australia wire transfer casino payouts australia
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Алматы облысы Республика күнін кең көлемде атап өтті
Қазақстан Президенті Бельгиялықтар Королімен және Патшайымымен бірге Ұлттық музейге барды
Алматыда бір күнде 1,2 мыңнан астам ағаш егілді
Алматының Түрксіб ауданындағы «Жұлдыз» шағынауданында аулалар жаңартылды
Шымкентте Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі ашылды