Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Көкөніс қорын пайдалану және апта сайынғы жәрмеңкелер: Серік Жұманғарин әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын тұрақтандыру бойынша жиналыс өткізді

Көкөніс қорын пайдалану және апта сайынғы жәрмеңкелер: Серік Жұманғарин әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын тұрақтандыру бойынша жиналыс өткізді
Фото: primeminister.kz

Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының (ӘМАТ) бағасын тұрақтандыру мәселесі бойынша кеңес өткізді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызмтетіне сілтеме жасап.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, биылғы қаңтар айында Қазақстандағы жылдық инфляция деңгейі 8,9%-ды құрады. Баға динамикасына азық-түлікке жатпайтын тауарлар мен ақылы қызметтер әсер етті. Азық-түлікке жатпайтын тауарлардың жылдық өсімі 8,4%-ға, ал қызмет көрсету бағасы 13,8%-ға көтерілді.

Сауда және интеграция бірінші вице-министрі Айжан Бижанованың айтуынша, соңғы аптада ӘМАТ бағасының индексі 0,3%-ға, жыл басынан бері 2,2%-ға өсті. Бұл көкөністердің маусымдық қымбаттауына (қырыққабат, сәбіз, пияз) байланысты. Сондай-ақ сиыр еті (1,2%) мен күнбағыс майы (1,1%) бағасының өскені тіркелді. Жыл басынан бастап 11 ақпан аралығында ең жоғары өсімі Ұлытау (4,8%), Ақтөбе (3,8%) және Шығыс Қазақстан (2,7%) облыстарында байқалды.

Бағаны реттеу мақсатында аймақтардағы тұрақтандыру қорларынан өнімдерді саудаға шығару жалғастып жатыр. Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ербол Тасжүрековтің айтуынша, жалпы қалыптасқан 156,9 мың тонна қордан тек 45,4 мың тонна көкөніс сатылды. Кейбір облыстарда көкөністі сату қарқыны белгіленген көлемнен төмен, бұл бағаның өсуіне әкелуде. Мәселен, Абай облысында 2,8 мың тонна картоптың тек 486 тоннасы ғана сатылып, нәтижесінде баға 24,2%-ға қымбаттаған. Кейбір өңірлерде сәбіз, қырыққабат және пияз бағасына қатысты осындай жағдай байқалады.

Сондай-ақ ол әкімдіктердің мәліметінше, қаңтардың соңында қосалқы шаруашылықтардағы қорды есепке алмағанда, картоп қоры 327 мың тоннаны құрағанын айтты. Ал, 23 қаңтар мен 14 ақпан аралығында халықтың тұтыну көрсеткіші 73,5 мың тонна көлемінде болды. 

«Жеке қосалқы шаруашылықты есептемегенде, 253,5 мың тонна картоп қоры 2025 жылдың ерте пісетін өнімін алғанға дейін халықтың ішкі қажеттілігін толық жабуға мүмкіндік береді», — деді Ербол Тасжүреков.

Серік Жұманғарин кеңеске қатысушылардың назарын азық-түлік бағасын тұрақтандыруға бағытталған шараларды жеделдету қажеттігіне аударды. Негізгі мақсат – тұрақтандыру қорларынан өнімдерді жедел шығару және өңірлер мен мегаполистерде апта сайынғы жәрмеңкелерді өткізу.

«Бағаның ауытқуы мен сатудағы қандай болмасын шектеулерді болдырмау үшін тұрақтандыру пункттеріндегі өнім бағасындағы айырмашылықты жою қажет. Сондай-ақ коммуналдық базарлар мен сауда желілерімен тығыз жұмыс істеу керек. Ақпан-наурыз айларында тұрақтандыру қорларындағы өнімдерді сату және сәуір айында жаңа көкөністерді жеткізуді қамтамасыз ету қажет. Бұл ауыл шаруашылығы министрлігі мен сауда және интеграция министрлігінің маусымаралық кезеңде әлеуметтік азық-түлік бағасының тұрақтылығын сақтау үшін өңірлермен бірлесіп шешетін басты міндеттері», — деп түйіндеді Серік Жұманғарин. 

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты