Алматы әкімі Дархан Сатыбалды Италия Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Антонелло Де Риумен кездесу өткізіп, сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық жайын талқылады, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
2025 жылы Алматы мен Италия арасындағы тауар айналымы 700 млн АҚШ долларынан асып, 2,3%-дық өсім көрсетті. Бұл ретте өзара іс-қимыл әлеуеті әлі де жоғары деңгейде сақталып отыр. Алматы тау кластерін қалыптастыру аясында Италияның тау-шаңғы курорттарын дамыту және туристік инфрақұрылымды басқару тәжірибесі ерекше қызығушылық тудырады.
Италиялық компаниялар аспалы жолдар салу, жаңартылатын энергия көздері жобаларын іске асыру және ғимараттарды жаңғырту бағытында мол тәжірибеге ие.Тараптар ынтымақтастықтың әлеуеті жоғары бағыттар бойынша жұмысты жалғастыруға уағдаласты.