Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматыда полиция мефедронның заңсыз айналымын тоқтатты

Алматыда полиция мефедронның заңсыз айналымын тоқтатты
Фото: polisia.kz

Алматыда синтетикалық есірткі заттарын заңсыз сақтады және таратты деген күдікпен жас жігіт ұсталды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. 

Ұстау шарасы есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы қызметкерлерінің Әуезов аудандық полиция басқармасымен бірлесіп жүргізген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында жүзеге асырылды. Полиция қызметкерлерін көрген сәтте күдікті тыйым салынған заттардан құтылуға әрекеттенген, алайда дер кезінде ұсталды.

Тексеру және процессуалдық әрекеттер барысында одан ерекше иісі бар ұнтақ тәрізді зат салынған орамалар тәркіленді. Сот-сараптама қорытындысына сәйкес, аталған зат синтетикалық есірткі – мефедрон екені анықталды. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қылмыстың барлық мән-жайын, сондай-ақ ықтимал сыбайластар мен есірткі тарату арналарының жолын анықтауға бағытталған тергеу амалдары жүргізілуде. Алматы қаласы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Мұрат Жұмабаевтың айтуынша, мұндай фактілер полицияның ерекше бақылауында.

– Жастарды есірткінің заңсыз айналымына тартудың кез келген әрекетінің жолы жүйелі түрде кесілуде. Өткізу тәсілі мен қолданылатын технологиясына қарамастан, мұндай қылмыстар үшін жауапкершілік қатаң әрі бұлтартпас болады, – деді Мұрат Жұмабаев. Оның сөзінше, мегаполисте есірткі қылмыстарын анықтау және жолын кесу жұмыстары жүйелі негізде жалғасады. – Әрбір осындай дерек – азаматтардың денсаулығы мен болашағына төнген нақты қауіп. Полиция қоғамды есірткі қатерінен қорғау үшін барлық қажетті шараны қабылдайды, – деп түйіндеді басқарма бастығы.



скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті