Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Ұландықтар ҚАЖ мекемесіне тыйым салынған заттарды жеткізу әрекетінің жолын кесті

Ұландықтар ҚАЖ мекемесіне тыйым салынған заттарды жеткізу әрекетінің жолын кесті
Фото: polisia.kz

Атырау қаласында ҚР ІІМ Ұлттық ұланы "Батыс" өңірлік қолбасшылығына қарасты 5546 әскери бөлімінің әскери қызметшілері ҚАЖД қызметкерлерімен бірлесіп, қырағылық пен кәсіби іс-қимылдың нәтижесінде қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінің аумағына тыйым салынған затты жеткізу әрекетінің алдын алды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

17 ақпанда сағат 14:05 шамасында мекеменің автокөліктік бақылау-өткізу пунктінде болған. Бақылау тобы қызметтік-іздестіру итімен КамАЗ автокөлігіне кешенді тексеру жүргізді. Жеке құрамның қырағылығы мен кәсіби шеберлігінің арқасында автокөліктен ерекше иісі бар жасыл түсті орама табылып, тәркіленді. Эльза қызметтік иті тыйым салынған затты анықтап, бұл мән-жайды тексеру жүргізуге және затты тәркілеуге негіз болды.

Бақылау тобының құрамында ефрейтор Нұрасыл Әбдреш пен кинолог-маман қатардағы Алмат Дүйсенов болды. Олардың үйлесімді әрекетінің нәтижесінде режимдік нысанға тыйым салынған затты заңсыз жеткізу әрекеті жедел түрде тоқтатылды. Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша тексеру жүргізіліп жатыр, құқық бұзушылыққа қатысы бар тұлғалар анықталуда. Жағдай құзыретті органдардың бақылауында. Айта кетейік, ҚР ІІМ Ұлттық ұланы ҚАЖ департаментімен бірлесіп, мекемелерге тыйым салынған заттардың жеткізілу арналарының жолын кесу бағытында жүйелі жұмыс жүргізіп жатыр.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті