Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

«Түркі әлемінің балалар ойындары халықаралық фестивалі» өтуде

«Түркі әлемінің балалар ойындары халықаралық фестивалі» өтуде
Фото: ҚР Оқу-ағарту министрлігі

2026 жылғы 16–18 ақпан аралығында Астана қаласындағы №104 Келешек мектебінде 9–13 жас аралығындағы оқушыларға арналған «Түркі әлемінің балалар ойындары халықаралық фестивалі» өтуде, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР Оқу-ағарту министрілігіне сілтеме жасап.

Шараны Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі мен Түркия Республикасының Білім министрлігі бірлесе ұйымдастыруда. Фестиваль түркі мемлекеттері арасындағы мәдени ынтымақтастықты нығайтуға, дәстүрлі балалар ойындарын сақтауға және болашақ ұрпаққа насихаттауға бағытталған.
Іс-шараның негізгі мақсаттары балалар ойындарын жүйелеу, ортақ мұрағат қалыптастыру, ойындардың білім беру үдерісіндегі педагогикалық рөлін арттыру, сондай-ақ жас ұрпақтың әлеуметтік, эмоционалдық әрі мәдени дамуына қолдау көрсету.

Фестиваль аясында еліміздің 20 өңірінен келген педагогтерге арналған халықаралық семинар-тренинг өткізілуде. Қатысушылар түркі халықтарының дәстүрлі ойындарымен танысып, оларды білім беру тәжірибесіне енгізу жолдарын талқылайды. Семинар-тренинг бағдарламасында асық ату, таяқ тарту, ләңгі тебу, орамал тастамақ, сақина салу, ханталапай, тымақ ұру, бес асық және тағы басқа ойын түрлері ұсынылған.

Семинар-тренинг қорытындысы бойынша Түркия делегациясы қазақ мәдениетіне тән төрт ойынды іріктеп алады. Бұл ойындар 2026 жылғы сәуір айында Стамбул қаласында өтетін түркі елдері фестивалінде көрсетіледі. Фестиваль түркі әлемінің ортақ мәдени мұрасын сақтауға және халықаралық педагогикалық ынтымақтастықты дамытуға бағытталған.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
«Таза Қазақстан»: Астанада «Рыскелді қажы» мешітінің маңында экологиялық акция өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин шағын құрамда келіссөз жүргізді