Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

2026 жылы Qazaq Digital Mektebi және педагог мамандарға арналған ЖИ-мен қамтылған Ұлттық білім беру платформасы іске қосылады

2026 жылы Qazaq Digital Mektebi және педагог мамандарға арналған ЖИ-мен қамтылған Ұлттық білім беру платформасы іске қосылады
Фото: primeminister.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың барлық саланы, оның ішінде білім беруді цифрландыру жөніндегі тапсырмасына сәйкес, Оқу-ағарту министрлігі Үкімет арқылы мұғалімдердің жүктемесін азайтуға, оқушылардың ЖИ сауаттылығын арттыруға және Ұлттық білім беру платформасын құруға бағытталған жасанды интеллект енгізу жөніндегі шаралар кешенін жүзеге асыруда, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұл туралы оқу-ағарту вице-министрі Асылбек Ахметжанов мәлімдеді.

«Оқу-ағарту министрлігі цифрлық профильдердің ұлттық жүйесін және Ұлттық білім беру платформасын құруға кірісті. Бұған қол жеткізу үшін ұлттық білім беру дерекқоры жаңғыртылып, ол барлық LMS, яғни электрондық күнделіктер мен журналдардың бірыңғай деректер қоймасына айналады. Бұл барлық деректі QazTech мемлекеттік бұлтты платформада шоғырландыруға мүмкіндік береді», — деді ол.

Бұл мұғалімдердің күнделікті жүктемесін азайтады, өйткені ЖИ агенттері, мысалы, педагогикалық кеңестерге дайындық кезінде көмектесе алады.

«2026–2027 оқу жылынан бастап шағын жинақты мектептер үшін пилоттық өңірлерде Qazaq Digital mektebi жобасы іске қосылады, онда ЖИ репетиторлары қолданылады. 2026 жылға қарай 200 мыңнан астам педагог тәжірибелік ЖИ дағдыларын меңгереді», — деп толықтырды вице-министр.

Оқушылар арасында ЖИ сауаттылығын арттыруға ерекше көңіл бөлінбек.

Сонымен қатар 2026 жылдың бірінші жартысында Министрлік жанындағы жұмыс тобы заңнамалық өзгерістер бойынша ұсынымдар әзірлеп, білім беру саласында жасанды интеллект қолдану бойынша пилоттық жобалардың тиімділігін бағалайды.

«Осылайша, Үкімет ЖИ агенттері көмегімен педагогтер жүктемесін азайтуға, сондай-ақ азаматтарымыз үшін мемлекеттік қызметтер алуды жеңілдетуге мүмкіндік беретін цифрлық негіз қалыптастырады», — деп қорытындылады сөзін Асылбек Ахметжанов.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті