Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астанада көктайғақ пен жауын-шашын: құтқарушылар тұрғындарға ескерту жасады

Астанада көктайғақ пен жауын-шашын: құтқарушылар тұрғындарға ескерту жасады
Фото: Астана қ. әкімдігі

Астанада жаңбыр жауып тұр. Қаланың коммуналдық қызметі тұрғындардың қауіпсіз жүруін қамтамасыз ету үшін тәулік бойы тоқтаусыз жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Елордадан бір күнде қар полигондарына 2 302 ауыр жүк көлігінің рейсімен 35 мың текше метрден астам қар мен мұз шығарылды. 6 ақпанға қараған түні қалада қар мен көктайғақты тазалау үшін 1 400-ден астам арнайы техника мен 400-ден аса жол жұмысшысы жұмылдырылды.

Күн райына байланысты күндіз ауа температурасы нөлден жоғары болып, қар ериді, ал түнде күрт суытады. Соның салдарынан жолдар мен тротуарларда көктайғақ орнайды.

Тұрғындардың қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз ету үшін жолдарға, тротуарлар мен көшелерге техникалық тұз себіледі. Бұл жұмыс тәулік бойы тоқтаусыз жүргізіледі.

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, 6 ақпан күні Астанада қалың қар жауып, көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең тұман, күндіз бұрқасын болжанып отыр. Жел оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысып, жылдамдығы 9-14 м/с, ал таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетеді. Ауа температурасы түнде және күндіз -1…-3°С, күндіз одан әрі төмендейді.

 7 ақпан күні де боран соғып, қар жауады. Жел оңтүстік-батыстан 9-14 м/с жылдамдықпен соғады. Ауа температурасы түнде -17…-19°С, күндіз -14…-16°С болады.

Ауа райының құбылуына байланысты Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарды сақтық шараларын қатаң сақтауға шақырады. Дауылды ескертулер мен ауа райының қолайсыздығы, сондай-ақ көлік жолдарының жабылуы туралы ақпаратты СМС-хабарламалар, интернет-ресурстар және әлеуметтік желілер арқылы қадағалау қажет. Құтқарушылар қауіпсіздік ережелерін еске салды: көктайғақ кезінде абайлап, асықпай жүріңіз; қатты жел немесе боран кезінде аса қажеттілік болмаса, ғимараттан шықпаңыз; жүргізушілер жолда қауіпсіз арақашықтықты сақтауы тиіс; өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтау қажет.

Астана әкімдігі тұрғындарды жолда мұқият болуға және мүмкіндігінше алыс сапарға шықпауға шақырады. Төтенше жағдай туындаған сәтте 112 нөміріне хабарласу қажет.скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті