Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

3000 тоннадан астам тұз және 14 мыңнан астам рейс: Астанада коммуналдық қызметтер тәулік бойы жұмыс істеп жатыр

3000 тоннадан астам тұз және 14 мыңнан астам рейс: Астанада коммуналдық қызметтер тәулік бойы жұмыс істеп жатыр
Фото: Астана қ.әкімдігі

Соңғы 10 күнде Астанада бір айлық нормадан артық қар жауды. Қысқы маусым басталғалы қаладағы коммуналдық қызметтер күшейтілген тәулік бойғы режимде жұмыс істеп жатыр. Қар тазалау және арнайы полигондарға шығару жұмысы елорданың барлық алты ауданында үздіксіз жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Күндіз ауа температурасының нөлден жоғары болып, қар еріп, түнде күрт суытуына байланысты жолдар мен тротуарларда көктайғақ орнайды. Қала тұрғындарының қауіпсіз жүруін қамтамасыз ету мақсатында жолдарға, тротуарлар мен көшелерге техникалық тұз себілуде. Қыс басталғалы бері көктайғаққа қарсы 3000 тоннадан астам материал пайдаланылып, 176 мың текше метрден астам қар шығарылды. Бұл – 14 164 ауыр жүк көлігінің рейсіне тең. Барлық жұмыс тәулік бойы жүргізіліп жатыр.Сонымен қатар, аулаларда тазалықты қамтамасыз ету ПИК пен МИБ ұйымдарының міндеті екенін атап өткен жөн. Олар тұрғындардың қауіпсіздігі мен қолайлылығы үшін қар мен мұздан уақытылы тазалап отыруы тиіс.Астана әкімдігі қала тұрғындары мен қонақтарын қауіпсіздік ережелерін сақтауға, жолдар мен тротуарларда абай болуға, сондай-ақ ауа райы қолайсыз кезде алыс сапарларға шықпауға шақырады.скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті