Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Президент ТРК Пәкістанның медиа нарығына шығады

Президент ТРК Пәкістанның медиа нарығына шығады
Фото: Kazinform

2026 жылдың 4 ақпанында Исламабадта Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Пәкістан Ислам Республикасына мемлекеттік сапары барысында ҚР Президенті Телерадиокешені мен Пәкістанның орталық ақпарат агенттігі «Associated Press of Pakistan» арасында Өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Қазақпаратқа сілтеме жасап.

Құжатқа Президент ТРК директоры Раушан Қажыбаева мен «Associated Press of Pakistan» Бас директоры Мұхаммед Асим қол қойды.

Тараптар ақпарат алмасу, маңызды қоғамдық-саяси оқиғаларды бірлесіп жариялау және жаңалық контентін өндірудегі кәсіби тәжірибемен бөлісу бойынша ынтымақтастық орнатуға келісті.

Пәкістанның «Associated Press of Pakistan» агенттігімен ынтымақтастық Президент ТРК үшін Оңтүстік Азия елдері арасында аудиториясы жөнінен екінші орында тұрған, халқы 250 миллионнан асатын Пәкістан нарығына жол ашады.

Президент ТРК халқының жалпы саны 2 миллиардтан асатын өңір елдерінің БАҚ-пен кәсіби байланысын кеңейтіп, ақпараттық кеңістіктегі қатысуын жүйелі түрде тереңдете береді.

ҚР Президентінің Телерадиокешені Қазақстанның ең ірі толық қызмет көрсететін медиа компаниясы, оның құрамына «Jibek Joly» ұлттық телеарнасы және аттас радиостанция, Silk Way, Silk Way Cinema және Silk Way Prime халықаралық телеарналары, «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі және Деректі кино орталығы кіреді.

«Associated Press of Pakistan» (APP) — 1947 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан Пәкістанның мемлекеттік ақпарат агенттігі. Агенттік жаңалықтарды ағылшын, араб, урду және бірқатар аймақтық тілде (синдхи, пушту және балучи) шығарады және 40-тан астам жетекші шетелдік ақпарат агенттіктерімен ынтымақтастық орнатып отыр.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Президент ТРК журналистері Al Jazeera медиа институтында тағылымдамадан өтті.
скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті