Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Жетісай ауданының ауыл шаруашылығы өнім көлемі 120 млрд теңгеге жуықтаған

Жетісай ауданының ауыл шаруашылығы өнім көлемі 120 млрд теңгеге жуықтаған
Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Жетісай ауданының жалпы өңірлік өнім көлемі былтыр 267,2 млрд теңгені құрап, алдыңғы жылмен салыстырғанда 83,6 млрд теңгеге артқан. Ал, ауыл шаруашылығы саласындағы өнім көлемі жыл қорытындысымен 119,4 млрд теңгеге жетсе, өнеркәсіп өнімінің көлемі - 45,8 млрд теңгені құрады. Бұл туралы брифингте Жетісай ауданының әкімі Серік Мамытов мәлімдеді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Жетісай ауданында қазіргі таңда 12 инвестициялық жоба іске асырылуда. Бүгінде Асықата кентінен 59 гектар аумақта «Жетісай» индустриялық аймағы құрылып, инфрақұрылым жүйелерімен толық қамтылды. Аталған аймақта биыл жалпы құны 45 млрд теңгеден астам 12 инвестициялық жобаның құрылысы жүреді. Аталған жобалардың қатарында жалпы құны 15,3 млрд теңгеге жуық «АГРО СҮТ» ЖШС-ң жылына 3 мың тонна сүт өңдейтін зауыт, құны 13,6 млрд теңгеге «TST JETYSAY TEXTIL» ЖШС-ң жылына 7,5 мың тонна жіп өндіретін фабрика, сондай-ақ жылына 50 мың тонна мақта өңдейтін өндіріс орындары бар. Негізгі капиталға бағытталған инвестиция көлемі 2024 жылы 39,5 млрд теңге болса, 2025 жылы ауданға 46,8 млрд теңге инвестиция тартылды. Өсім 118,4%-ды құрады», - деді аудан басшысы.

Жалпы аудан экономикасының басым бөлігін ауыл шаруашылығы саласы құрайды. Агроөнеркәсіптік кешенін дамыту бағытында 10 мыңға жуық шаруа қожалық қызмет атқарады. Өткен жылы 79,3 мың гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдары егілген. Өнім көлемін ұлғайту мақсатында 321 шаруа қожалық иелері 1 500 гектар жерден екі рет өнім алу жобасын іске асырған. Ауданда 783 канал мен 217 қашыртқы егістік алқаптарға су жеткізеді. Өткен жылы ауданда 5 646 гектар аумаққа тамшылатып суғару технологиясы ендірілген.

«Ауданда «Келешек мектептері» бағдарламасы аясында 3 мектеп салынды. 2024 жылы Асықата кентіндегі 900 орындық, 2025 жылы Ынтымақ ауылдық округіндегі 600 орындық мектептердің құрылысы аяқталып пайдалануға берілді. Ал, Жетісай қаласынан 1 500 орындық мектеп  құрылысы аяқталуда. Сонымен қатар, соңғы 3 жылда 240 тұрғынға баспана табысталды. Бұдан бөлек,  жеке инвестор есебінен 32 пәтерлі 2 несиелік тұрғын үйдің (жалпы 64 пәтер) құрылысы аяқталды. Инфрақұрылыммен қамту бойынша ауданда 105 елді мекеннің 92-сі табиғи газ жүйесімен қамтылған (87,6 %). Соңғы үш жылды салыстырғанда елді мекендердің табиғи газбен қамтылуы 34,2%-ға артқан. Ұлттық қор, облыстық және жергілікті бюджет есебінен соңғы 3 жылда ұзындығы 183 шақырымды құрайтын жол орта жөндеуден өтті. Бүгінгі күнге аудандық маңызы бар жолдардың жақсы және қанағаттанарлық жағдайы 84,4%-ды құрап отыр. Биыл ұзындығы 43,1 шақырымды құрайтын 56 көше орташа жөндеуден өтетін болады. Бүгінде қала, кент және ауылдық округтерге қарасты 105 елді мекен толық орталықтандырылған ауыз су құбырымен қамтылған. Аудан электр қуатымен де толық қамтамасыз етілген. Денсаулық  сақтау саласында өткен жылы 1 дәрігерлік амбулатория, 6 фельдшерлік-акушерлік пункт жаңадан салынып пайдалануға берілді.  Асықата кентінен және Жаңаауыл ауылдық округінен жеке инвестор есебінен медициналық орталықтар салынды» - деді Серік Үсенұлы.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті