Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Шымкентте қала экономикасына құйылған инвестиция көлемі артып келеді

Шымкентте қала экономикасына құйылған инвестиция көлемі артып келеді

Шымкент қаласына биылдың 9 айында 434,3 млрд теңге инвестиция тартылған. Бұл 2022 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 26,9 пайызға жоғары. Жыл соңына дейін қала экономикасына 721,7 млрд теңге инвестиция тарту жоспарлануда. Бұл көрсеткіш те 2022 жылмен салыстырғанда 32 пайызға артады.


Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігі кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысының орынбасары Ермек Тұрманов мәлімдеді.

Оның айтуынша, өңдеу өнеркәсібіндегі өндіріс көлемі 672,3 млрд. теңгені құраған. Мұнай-газ-химия өнімдерін өндіретін кәсіпорындар есепті кезеңде 41,3 мың тонна өнім шығарды.


Сонымен қатар басқарманың мәліметтеріне сүйенсек, Шымкент қаласында 2023-2027 жылдары жүзеге асырылатын жалпы құны 1,8 трлн теңгені құрайтын 275 инвестициялық жобаның пулы жасақталған. Бұл жобалардың орындалуы жаңадан 32 мыңнан астам жұмыс орындары ашуға мүмкіндік береді.

"Биыл құны 128 млрд. теңгені құрайтын 48 инвестициялық жоба іске асырылып, 3 108 жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланып отыр. Бүгінгі таңда аталған жобалардың ішінде жалпы құны 40 млрд. теңгені құрайтын 20 инвестициялық жоба іске асырылып, онда 1 183 жаңа жұмыс орны пайда болды. Қала экономикасына инвестиция тарту кезінде, әсіресе, өңдеу өнеркәсібі саласына ерекше назар аударып отырмыз. Бұл секторда 2027 жылға дейін жалпы құны 401,5 млрд теңгені құрайтын 103 инвестициялық жоба іске асады. Аталған кәсіпорындарда 10 мыңнан астам адам тұрақты жұмыспен қамтылады. Соның ішінде биыл жалпы құны 14,4 млрд теңгеге 14 инвестициялық жобаны іске асырып, 605 жаңа жұмыс орнын құру жоспарланды. Қазірдің өзінде өңдеу өнеркәсібі саласында 3 инвестициялық жоба іске асырылып үлгерді", – дейді Е.Тұрманов.
Айта кетейік, қала аумағында жалпы аумағы 869 гектарды құрайтын   5 өнеркәсіптік аймақ жұмыс істейді. Бүгінгі таңда 358 млрд. теңге сомасына 337 жоба іске асырылуда. Оның ішінде бүгінгі таңға 216 млрд теңгені құрайтын 273 жоба іске қосылып, 8 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылған.скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты