Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астанада ұландықтар есірткі қылмысының жолын кесті

Астанада ұландықтар есірткі қылмысының жолын кесті
Фото: polisia.kz

ҚР ІІМ Ұлттық ұланының 5573 әскери бөлімінің әскери қызметшілері елорданың Байқоңыр ауданында патрульдеу кезінде есірткіге қатысты қылмыстың жолын кесті, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Қала көшелерін патрульдеу барысында әскери жасақ бастығы қатардағы Дәурен Өмірбек және патрульдеушілер қатардағы Дәуір Әшімбек пен Досымжан Дәулетхан күмәнді әрекет жасаған белгісіз тұлғаларға назар аударады. Көліктен түскен екі азамат айналасына жалтақтап, қардың астынан белгісіз затты алып, оқиға орнынан бой тасалауға тырысқан. Жағдайды жедел бағалаған ұландықтар дереу оларды қууға кірісіп, күдіктілердің бірін ұстады. Ал қалған екеуі қашып үлгерген.

Оқиға туралы әскери жасақтар кезекшісіне жедел түрде баяндалды. Кезекші 102 нөмірі арқылы полиция қызметкерлеріне хабарлады. Аталған факт бойынша материалдар жедел-тергеу тобына тапсырылып, ұсталған азамат заңнамаға сәйкес уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бұл оқиға Ұлттық ұлан әскери қызметшілерінің жоғары даярлығы мен қырағылығын айқын көрсетеді. Күн сайын қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етіп жүрген ұландықтар есірткінің заңсыз айналымына қарсы күреске елеулі үлес қосуда. Айта кетейік, 2025 жылы есірткі заттарын заңсыз сақтау және тасымалдаудың 56 дерегі құқықтық тәртіп әскерлерінің арқасында анықталып, тіркелген.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
«Таза Қазақстан»: Астанада «Рыскелді қажы» мешітінің маңында экологиялық акция өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин шағын құрамда келіссөз жүргізді