Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматыда ұландықтар ер адамның өмірін сақтап қалды

Алматыда ұландықтар ер адамның өмірін сақтап қалды
Фото: Polisia.kz

Алматыда ұландықтар ер адамның өмірін сақтап қалды, — деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Алматы тұрғындарының қоғамдық тәртібі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ететін ҚР ІІМ Ұлттық ұланның 5571 әскери бөлімінің жауынгерлері бір күнде қырағылықтың жарқын үлгісін көрсетті. Маңызды оқиғалардың бірі Наурызбай ауданында болды. Мегаполис тыныштығын қадағалап жүрген сарбаздар өздерін күдікті ұстаған жастар тобына назар аударады. Тексеру кезінде олардан жасыл түсті есірткі заты бар байлам, сондай-ақ оны қолдануға арналған қолдан жасалған құрылғы табылды. Кіші сержант Әли Тұрлығожа мен қатардағы жауынгерлер Бағдәулет Мырзахан, Жанболат Аятұлы, Саят Қуандық және Мұхамед-Әли Серіков бастаған патрульдік топтың шешуші әрекеттерінің арқасында күдіктілер ұсталып, Наурызбай ауданының полиция қызметкерлеріне тапсырылды.

Ұландықтар сол күні Медеу ауданында қырағылықтың тағы бір үлгісін көрсетті. Пушкин көшесін патрульдеу кезінде әскери қызметшілер үсті қан адамды байқап, көмекке барады. Жәбірленушінің жамбасындағы терең кесілген жарадан қан қатты кетіп жатқанын көреді. Әскерилер оны белгісіз азамат пышақтағанын анықтайды.

Қатардағы жауынгерлер Аян Бимырза, Абзал Омаров және Ескендір Закиров жәбірленушіге дереу алғашқы медициналық көмек көрсетті.

— Біз қан кетуді тоқтату әдісін қолдандық, жараны таңып, жедел жәрдем мен полиция шақырдық. Екі қызмет те оқиға орнына жедел жетті. Дәрігерлер жәбірленушіні тексеріп, жарасына ем-дом жасады, ал полицейлер жағдайдың мән-жайын анықтауға кірісті, — дейді әскери жасақ бастығы Аян Бимырза.

Күн сайын қоғамдық тәртіпті сақтау қызметін атқара отырып, ұландықтар құқық бұзушылықтардың алдын алып қана қоймай, Қазақстан халқына және анттарына адалдығын көрсете отырып, азаматтарға көмек көрсетуге әрқашан дайын екендіктерін дәлелдеп келеді.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты