Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Павлодарда ұландықтар өртенген көлікті сөндірді

Павлодарда ұландықтар өртенген көлікті сөндірді
Фото: Polisia.kz

ҚР ІІМ Ұлттық ұланының 5512 әскери бөлімінің әскери қызметшілері қала қауіпсіздігін қамтамасыз ету кезінде жанып жатқан Volkswagen Golf автокөлігін байқаған, — деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Әскери жасақтың бастығы қатардағы жауынгер Ернұр Аманқұл оқиға туралы дереу әскери жасақтар бойынша кезекшіге хабарлап, 101 шұғыл қызметін шақырды. Ол көлікті қауіпсіз жерге сүйреп апарып, өрт сөндіргіштің көмегімен өртті ауыздықтады. Өрт құтқарушылар келгенге дейін сөндірілді.

— Жүргізуші абдырап қалған сияқты. Ол жалынға оранған көліктің алдында не істерін білмей тұрды. Мен өрт сөндіргішті жүк салғыштан шығарып, жалынды тоқтатуды бастадым. Содан кейін аккумуляторды шешіп алдым. Біз өтіп бара жатқан адамдардың ешқайсысы зардап шекпеуі үшін өрт аумағын қоршадық, — деді әскери жасақ бастығы қатардағы жауынгер Ернұр Аманқұл.

Өрт сөндірушілер келгенге дейін ұландықтар жалынмен сәтті күресті. Зардап шеккендер жоқ. Әскери қызметшілердің жедел әрекетінің арқасында сын-қатерлердің алдын алуға мүмкіндік туды. Жүргізуші ұландықтарға жедел көмек көрсеткені үшін алғыс айтты.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты