Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Оқу-ағарту министрі техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттерімен кездесті

Оқу-ағарту министрі техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттерімен кездесті
Фото: gov.kz

Тараптар техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту жөнінде пікір алмасты.Кездесуге еліміздің 20 өңірінен 500-ге жуық жастар, колледждердің өзін-өзі басқару ұйымдарының көшбасшылары қатысты деп хабарлайды kazlenta.kz Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап.

Ашық диалог алаңында студенттер оқу жағдайларын жақсарту бойынша өз көзқарастарымен бөлісіп және еліміздің бас педагогына тікелей сұрақтар қоя алды. Олар стипендияны көтеруге, студенттердің өзін-өзі басқару ұйымдарын құруға және шетелде тәжірибе алмасу мүмкіндігіне қатысты болды.

"Министрлік техникалық және кәсіптік білім беру сапасын арттыру бойынша бірқатар шаралар қабылдауда. Ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінен бастап колледж студенттеріне стипендия 50% - ға, келесі жылдың көрсеткіші 100% - ға, яғни екі есеге дейін артады. Колледж студенттері әлеуметтік пакетпен – жол төлемдерімен және ыстық тамақпен қамтамасыз етілген. Дуалды оқыту шеңберінде колледж студенттеріне практикадан өту кезінде еңбек өтілі есептеледі. Колледж студенттері үшін жыл сайын 2000 - нан астам орынға жатақханалар салу жоспарлануда", - деді Ғайни Бейсембаев.

Естеріңізге сала кетейік, елімізде барлығы 772 колледж жұмыс істейді, онда 517 мыңнан астам студент оқиды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді