Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

«Серпін» бағдарламасы: 10 мыңнан астам оқушыға кәсіптік бағдар берілді

«Серпін» бағдарламасы:  10 мыңнан астам оқушыға кәсіптік бағдар берілді
Фото: ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі

Kozybayev University Қазақстанның оңтүстік өңірлеріндегі 10 000-нан астам оқушыны қамтыған ауқымды кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүзеге асырды. Қызылорда және Түркістан облыстарында университет өкілдері Шымкент, Түркістан, Қызылорда қалалары секілді ірі елді мекендерден бастап шалғай ауылдарға дейінгі 25 елді мекенде болды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігіне сілтеме жасап.

Кездесулер барысында мектептер мен колледждердің бітіруші түлектеріне жоғары оқу орнына түсу ережелері, оқу шарттары, сондай-ақ студенттік жатақханаларда тұру мүмкіндіктері туралы жан-жақты ақпарат берілді. Айта кету қажет, Kozybayev University-де екі заманауи Студенттер үйінің пайдалануға берілуінің нәтижесінде басқа өңірлерден келген білім алушыларды жатақханамен қамтамасыз ету деңгейі 100 пайызды құрайды. Сонымен қатар университет кампусы жаңа оқу-зертханалық корпуспен, заманауи коворкинг-кеңістіктермен және сапалы білім алуға қажетті материалдық-техникалық базамен жабдықталған.

Талапкерлер мен олардың ата-аналарына «Серпін» бағдарламасына қатысу, Петропавл қаласына қоныс аудару, орналастыру және бейімделу мәселелері бойынша кеңестер берілді.

Қазіргі уақытта аталған бағыт бойынша Kozybayev University-де 150-ден астам студент білім алады. 2024 жылы университет базасында барлық мүдделі мемлекеттік органдарды біріктіретін Serpin Qoldau өңірлік жобалық офисі құрылды. Оның қызметі аясында білім алушыларды кәсіби бағыттау, тренингтер, тілдік курстар, психологиялық бейімделу бағдарламалары, сондай-ақ мәдени интеграцияға бағытталған іс-шаралар жүзеге асырылады. 3-4 курс студенттері дуалды оқытуға жіберіліп, жеке еңбек шартын жасасуға дейін сүйемелдеу жүргізіледі. Түлектердің жұмыспен қамтылуына жәрдемдесу мақсатында университет Солтүстік Қазақстан облысындағы ірі жұмыс берушілермен ынтымақтастық туралы меморандумдар жасасты. Сонымен қатар университет бағдарлама түлектеріне жатақханалардан уақытша тұрғын үй ұсынады.

Оқушылармен өткен кездесулер барысында Аризона университетімен бірлесіп жүзеге асырылатын қос дипломды білім беру бағдарламаларын таныстыруға ерекше назар аударылды. Атап айтқанда, басқарудағы ақпараттық жүйелер, биотехнология, инклюзивті білім беру, бизнес және менеджмент бағыттары ұсынылды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті