Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Елімізде жетім балаларға арналған ұйымдардағы тәрбиеленушілер саны екі есеге азайды

Елімізде жетім балаларға арналған ұйымдардағы тәрбиеленушілер саны екі есеге азайды
Фото: pixabay.com

2025 жылдың қорытындысы бойынша шамамен 3 мың жетім бала отбасыларға орналастырылды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап.  

Осы шара аясында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында мемлекет қамқоршылардың сенімділігін бағалау мен бақылаудың жаңа моделін енгізді. Институционалдық емес көмекке көшу қарқыны соңғы 10 жылдың статистикасынан анық байқалады. Мәселен, осы кезеңде еліміздегі интернаттық ұйымдар желісі 24%-ға қысқарып, ондағы тәрбиеленушілер саны 54%-ға азайды.

Отбасылық тәрбиелеу формаларына көшу қорғаншылық және қамқоршылық органдары жұмысының сапасын арттыруды талап етті. Осыған байланысты аталған органдардағы мамандар саны 3,3 есеге ұлғайып, 303 қызметкерден 1028 маманға дейін артты. Бұл әрбір отбасына жеке сүйемелдеу көрсетіп, балалардың өмір сүру және тәрбиелену жағдайларын жан-жақты зерделеуге мүмкіндік берді.

Сонымен қатар 2025 жылдан бастап заңды өкілдерді іріктеу талаптары күшейді. Енді қамқоршылар міндетті түрде жыл сайын кешенді тексеруден өтеді. Тексеру табыс көздерінің расталуын, денсаулық жағдайын, тұрғын үй жағдайының сәйкестігін және соттылығының болмауын қамтиды. Кез келген тәуекел факторлары, оның ішінде заңды өкілдің сотқа тартылуы немесе психоневрологиялық немесе наркологиялық диспансерге есепке алынуы қамқоршылық міндетінен дереу шеттетуге негіз болады.

Балаларды қолдаудың баламалы тетігі ретінде тәлімгерлік институты да жүйелі түрде дамып келеді. Бүгінде еліміздің 20 өңірінде 360-тан астам тәлімгер бар. 2025 жылдан бастап тәлімгерлер үшін міндетті кәсіби сертификаттау енгізілді. Бұл ретте баланың туыстық байланыстарын сақтау негізгі басымдық болып қала береді, сондықтан ең алдымен оны жақын туыстарына орналастыру мүмкіндігі қарастырылады.

Қазіргі таңда елімізде жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 20 798 бала бар, олардың 82%-ы отбасыларда тәрбиеленуде.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті