Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Елімізде отбасына орналастырудың жаңа түрі – кәсіби қабылдаушы отбасы енгізілуде

Елімізде отбасына орналастырудың жаңа түрі – кәсіби қабылдаушы отбасы енгізілуде
Фото: pixabay.com

1 шілдеден бастап Қазақстанда балаларды отбасына орналастырудың жаңа түрі – кәсіби қабылдаушы отбасы енгізіледі, деп хабарлайды kazlenta.kz тілішсі ҚР Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап. 

Бұл – ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар үшін қауіпсіз әрі жайлы үй жағдайын қамтамасыз етуге бағытталған уақытша, бірақ маңызды қадам.

Кәсіби қабылдаушы отбасылар бір уақытта төрт балаға дейін тәрбиелеуге мүмкіндік алады. Мұндай отбасыға бала қабылдамас бұрын үміткерлер міндетті түрде арнайы дайындықтан өтуі тиіс. Оқыту жетім балаларға арналған мемлекеттік мекемелерде және балаларды отбасына қабылдағысы келетін адамдарды оқытуға құқығы бар аккредиттелген ұйымдарда ұйымдастырылады.

Кандидаттарды бекіту туралы түпкілікті шешімді қамқоршылық және қорғаншылық органдары қабылдайды. Бұл шешім ұсынылған құжаттардың толықтығы мен заң талаптарына сәйкес қабылданады.

«Қазіргі уақытта қамқоршылық органдары кәсіби қабылдаушы ата-аналарды іріктеу және даярлау жұмыстарын белсенді түрде жүргізіп жатыр. Жаңа форматтың негізгі артықшылығы – балалар интернат мекемелеріне емес, бірден отбасыларға орналастырылады. Бұл — баланың психологиялық күйзеліске түсу қаупін азайтып, алғашқы күндерден-ақ оны мейірім мен жылылыққа толы тұрақты отбасылық ортаға бейімдеуге мүмкіндік береді», – деп атап өтті ҚР Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрайымы Насымжан Оспанова.

Әрбір кәсіби қабылдаушы тәрбиешіге балаға жұмсалатын ай сайынғы жәрдемақы, сондай-ақ тәрбиелеу қызметі үшін еңбекақы төленетін болады.

Айта кетейік, қазіргі таңда елімізде балаларды отбасына орналастырудың төрт түрі бар: асырап алу, қамқоршылық, патронат, қабылдаушы отбасы.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті