Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Жайылымдық жер тапшылығы биыл шешіледі

Жайылымдық жер тапшылығы биыл шешіледі
Фото: primeminister.kz

Вице-премьер – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Жер ресурсын ұтымды пайдалануды бақылау жөніндегі республикалық комиссияның биылғы бірінші отырысын өткізді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Отырыста ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов хабарлағандай, мемлекет меншігіне 2,1 млн гектар пайдаланылмаған және заң бұза отырып берілген жерлер қайтарылды. 2026 жылы тағы да 1 млн гектар жерді қайтару жоспарланып отыр.

2026 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша қайта бөлінген жерлердің жалпы ауданы 8,5 млн гектар болды, оның ішінде:

- 2,8 млн гектар жер мал жаю үшін халықтың жалпы пайдалануына берілді;

- 5,7 млн гектар жер ауыл шаруашылығы өндірісінің субъектілеріне конкурстық негізде берілді.

2025 жылы комиссия жұмысындағы негізгі рәсімдік мәселелер шешілді. Жер пайдаланушылардың адалдығын бағалау жүйесі енгізіліп, ведомствоаралық өзара нақты іс-қимыл мерзімі белгіленді. Бұл өңірлік комиссиялардың жұмысын жеделдетуге және адал фермерлердің құқығын қорғауды күшейтуге мүмкіндік берді.

Сондай-ақ, жердің деградациясымен, яғни су және жел эрозиясымен, шөлге айналуымен күрес жөнінде, топыраққа зерттеу жүргізу бойынша шаралар қабылданды. Барлық 17 облыста өңірлік іс-шара бекітілді. 2025 жылғы екінші жартыжылдықта жерді жалға беру конкурсын өткізу ережесі жаңартылды: енді инвестиция көлемі, техника мен малдың болуы, сондай-ақ мамандардың біліктілігі міндетті критерийге айналды.

Жайылымдық жерге ерекше назар аударылады. 2025 жылы әкімдіктер халықтың жалпы пайдалануына 1,3 млн гектар жайылым жерді бекітіп берді. Пайдаланылмай жатқан жерді қайтару, мал басын есепке алуды нақтылау, елді мекендердің шекарасын кеңейту мен учаскелерді резервтеу есебінен жайылым тапшылығы 3,5 млн гектарға дейін қысқарды.

Реттеудің негізгі құралы Жайылымдарды басқару жоспары болып қала береді. Елімізде барлығы 198 аудан бар. Алайда 2026 жылдың басында тек 157 жоспар бекітілген. Бұл даладағы жайылымдық жерді басқарудың тиімділігін төмендетеді.

Мұндағы жұмысты жеделдету қажеттігі Мал шаруашылығын дамытудың 2026-2030 жылдарға арналған кешенді жоспарын жүзеге асырумен байланысты күшейіп, ол құжатта суландыру арқылы жаңа жайылымдық жерлерді айдалануға беру көзделген.

Пилоттық жоба ретінде үш аудан анықталды. Онда жайылымды басқару жоспары бекітіліп, геоботаникалық зерттеулер жүргізілді. Олардың барлығында да қалпына келтіруді қажет ететін деградацияға ұшыраған жайылымдық жердердің едәуір үлкен алқаптары анықталды.

Облыс әкімдіктеріне алдағы айларда қалған жоспарларды бекітуді аяқтау, шалғайдағы жайылымдарды суландыруды, инфрақұрылымды дамытуды басым бағыт ретінде қаржыландыру және айналымға жаңа учаскелерді қосуды жеделдету тапсырылды.

Отырыс қорытындысы бойынша Серік Жұманғарин Жер ресурстарын басқару комитетіне 2026 жылы 3,5 млн гектар жайылым тапшылығы мәселесін шешуді, олардың мақсатты бекітілуін қамтамасыз етуді және тозған жерді қайта егуді бастауды тапсырды.

 «Біз мал шаруашылығын дамытудың кешенді жоспарын іске қосқанмен, жайылым жоқ болса, ол жұмыс жүрмейді. Мемлекетке қайтарылған жерді құр есепке алудан пайда жоқ. Ол жайылымға жарамды болуы керек. Жайылымды қалпына келтіру, көпжылдық шөптерді қайта егу міндеті биылдың өзінде шешілуі тиіс», - деп атап өтті вице-премьер.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті