Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астанада Horizon Europe бағдарламасы бойынша халықаралық воркшоп басталды

Астанада Horizon Europe бағдарламасы бойынша халықаралық воркшоп басталды
Фото: ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі

Астанада қазақстандық ұйымдардың Horizon Europe бағдарламасына қатысу мүмкіндіктері мен аса маңызды шикізат материалдары саласындағы халықаралық ғылыми-технологиялық ынтымақтастықты дамытуға арналған екі күндік халықаралық воркшоп өтіп жатыр, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігіне сілтеме жасап.

Іс-шара Еуропалық комиссия мен Nazarbayev University қолдауымен ұйымдастырылды. Воркшопқа университеттер мен ғылыми ұйымдардың, индустриялық серіктестердің өкілдері, халықаралық сарапшылар, сондай-ақ халықаралық ғылыми жобаларды сүйемелдейтін ұйымдар қатысты.

Воркшоптың ашылуында Еуропалық одақтың Қазақстан Республикасындағы делегациясы басшысының орынбасары Ааро Юлиталo, Nazarbayev University ғылым жөніндегі вице-провосты Бьерн Биргиссон және ҚР ҒЖБМ Ғылым комитеті төрағасының орынбасары, сондай-ақ Қазақстандағы Horizon Europe бағдарламасының ұлттық үйлестірушісі Алия Сембаева құттықтау сөз сөйледі.

Негізгі сарапшы ретінде Еуропалық одақтың халықаралық сараптамалық қолдау жүйесінің сарапшысы Манфред Шпильберг қатысты.

Спикерлер өз баяндамаларында халықаралық ғылыми-технологиялық ынтымақтастықтың стратегиялық маңызын, Horizon Europe бағдарламасының қазақстандық ұйымдарды еуропалық зерттеу кеңістігіне кіріктірудегі рөлін, сондай-ақ ғылым мен өнеркәсіп арасындағы ұзақ мерзімді әріптестіктерді дамытудың өзектілігін атап өтті.

19-20 қаңтар күндері қатысушылар үшін Horizon Europe бағдарламасына қатысудың практикалық қырлары, соның ішінде өтінім беру ережелері, халықаралық консорциумдарды қалыптастыру тетіктері және серіктес іздеу құралдары таныстырылады.

Бағдарлама аясында аса маңызды шикізат материалдары мәселелеріне арналған жеке тақырыптық сессия да қарастырылған.

Аталған воркшоп қазақстандық ұйымдардың Horizon Europe бағдарламасына қатысу ауқымын кеңейтуге, серіктестік байланыстарды нығайтуға, технологияларды бірлесіп дамытуға, тәжірибе алмасуға және отандық ғылымды халықаралық зерттеу мен инновациялық желілерге жүйелі түрде интеграциялауға бағытталған ұзақ мерзімді ынтымақтастықты қалыптастыру жолындағы маңызды қадам ретінде қарастырылады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті