Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Karaganda Buketov University 20 жас ғалымы Қытайда тағылымдамадан өтеді

Karaganda Buketov University 20 жас ғалымы Қытайда тағылымдамадан өтеді
Фото: ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі

Қазақстан мен Қытай арасындағы стратегиялық әріптестік аясында Karaganda Buketov University 20 жас ғалымына Қытайда халықаралық тағылымдамадан өтуге арналған сертификаттар табысталды. Тағылымдама 2025 жылғы қыркүйек айында Шихэцзы университетінің базасында өтеді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігіне сілтеме жасап.

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қытайға жасаған ресми сапары барысында жан-жақты стратегиялық әріптестік мәселелеріне, соның ішінде академиялық алмасу мен ғылыми ынтымақтастықты дамытуға ерекше назар аударылды. Karaganda Buketov University бұл бағыттарды белсенді қолдап қана қоймай, оны жаңа деңгейге көтеріп келеді. Биыл күзде университеттің жас ғалымдары осы жолды бастап, екі ел арасындағы ғылыми байланысты одан әрі нығайтуға алғашқы қадам жасамақ.

Университет ректоры Н.Дулатбеков жас ғалымдардың Қытайдағы тағылымдамаға қатысуын халықаралық ынтымақтастықты дамытудағы маңызды қадам деп атап өтті.

«Кеше ғана ШЫҰ-ның отырысы өтті, қатысушы мемлекеттер қатарында Қазақстанға ерекше құрмет көрсетілді. Бұл – еліміздің халықаралық аренадағы беделінің айғағы. Қытаймен қарым-қатынаста білім мен ғылым саласы ерекше орын алады. Бұл – өте маңызды ынтымақтастық бағыты. Осы тұрғыда тұрақтылық пен қолайлы географиялық жағдайы бар Қазақстан білім алу үшін тартымды алаңға айналып келеді. Бүгінде шетелдік талапкерлер Қазақстанға оқуға келіп жатыр. Бұл біздің университеттер үшін жаңа мүмкіндіктер ашады», – деді ректор.

Сондай-ақ жас ғалымдарды ҚР Президенті жанындағы ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі, педагог, техника ғылымдарының докторы, профессор, қоғам қайраткері Бағдат Телтаев құттықтады. Ол тағылымдамаға қатысушыларға сәт сапар, жемісті тәжірибе алмасу және жаңа ғылыми жетістіктер тіледі.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті