Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қаржылық мониторинг агенттігі блогер Қайсар Қамзаға халықаралық іздеу жариялады

Қаржылық мониторинг агенттігі блогер Қайсар Қамзаға халықаралық іздеу жариялады
Фото: Instagram/qais_arr

2026 жылдың 14 қаңтарындағы агенттіктің таратқан ресми ақпаратына сүйенсек, сот оған қатысты "қамауда ұстау" түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялаған, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Қайсар Қамза заңсыз құмар ойын бизнесіне жәрдемдесті деген күдікке ілінген.

Күдікті 5 жыл бойы "Instagram" әлеуметтік желісінде, "qais_arr" атауымен (2,4 млн жазылушы) белсенді блогерлік қызмет жүргізіп, сондай-ақ "Telegram"-дағы "Қора энтертейнмэнт" жабық арнасын (368 мың жазылушы) басқарған.

Күдікті әлеуметтік желілердегі жеке аккаунттарын пайдалана отырып, Қазақстан Республикасының азаматтары үшін "Pinco" сайтында тіркелуге және құмар ойындарға қатысуға бағытталған тікелей сілтемелерді, графикалық элементтерді және үндеулерді қамтитын бейнематериалдар мен жарияланымдарды жүйелі түрде орналастырған. Сонымен қатар бейнероликтердің астында пайдаланушыларға бонус беретін жеке промокодын көрсеткен.ҚМА баспасөз қызметі
Осылайша, Қамза Қайсар азаматтарды құмар ойындарға тартуға бағытталған онлайн-платформаны жарнамалап, ойын платформасынан сыйақылар, бонустар немесе пайыздық аударымдар түрінде табыс алып отырған.

Заңсыз жолмен алынған кірістерді жасыру мақсатында күдікті криптоәмиянды пайдаланған. Оған "Pinco" интернет-казиносының ұйымдастырушыларынан төлемдер түсіп отырған.

Сот санкциясымен 182 736,741 USDT көлеміндегі криптоактивтерге тыйым салынды.

Егер Сізге іздеуде жүрген тұлғаның орналасқан жері туралы қандай да бір ақпарат белгілі болса, Қаржылық мониторинг агенттігіне келесі байланыс нөмірлері арқылы хабарлауыңызды сұраймыз: +7 7172 70 84 78 — кезекші бөлім.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті