Жм, 09 мамыр 2025
Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Мейіржан Төребаев үйқамаққа ауыстырылды

Белгілі вайнер және блогер Мейіржан Төребаев қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы үйқамаққа ауыстырылды. Мұндай шешім қаржы пирамидасы ісі бойынша алдын ала тыңдау барысында қабылданды, деп хабарлайды kazlenta.kz.

Бүгінгі сот отырысында судья Мейіржан Төребаевтың адвокатының бұлтартпау шарасын қамауда ұстаудан үйқамаққа ауыстыру туралы өтінішін қанағаттандырды. Алайда сот Мейірхан Шерниязовтың адвокатының қылмыстық істі тоқтату туралы өтінішін қанағаттандырмады. Сонымен қатар сот басқа айыпталушыларға қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын өзгеріссіз қалдырды. Ал іс бойынша басты сот отырысы 2023 жылдың 9 қаңтарына белгіленді. Еске сала кетейік, биыл ақпан айында блогер Мейіржан Төребаев пен актер Мейірхан Шерниязов Mudarabah Capital қаржы пирамидасын құрды деген күдікке ілінген болатын. 20 сәуірде олар 10 тәулікке қамауға алынып, кейін қамауға алу мерзімі екі айға ұзартылды.
Осыдан соң қамауға алу мерзімі тағы бірнеше рет ұзартылды. Соңғы рет күдіктілерді қамауда ұстау мерзімі 21 қарашада өзгертілді. 12 желтоқсанда Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязов ісі сотқа жолданғаны белгілі болды. 21 желтоқсанда сот отырысы басталып, алдын ала тыңдауда айыпталушылардың адвокаттары бұлтартпау шарасын жеңілдетуді сұраған еді. Сондай-ақ Шерниязовтың адвокаты клиенттерінің әрекетінде қылмыс құрамының белгілері жоқ екенін айтып, оларға қатысты қылмыстық істі тоқтатуды сұрады. скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді