Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Елде жаңа жыл түні тыныш өтті

Елде жаңа жыл түні тыныш өтті
Фото: polisia.kz

Жаңа жылды тойлау кезінде ішкі істер органдарының қызметкерлері қоғамдық қауіпсіздік пен азаматтардың тыныштығын қамтамасыз ету мақсатында күшейтілген режимде қызмет атқарды. Жалпы жаңа жыл түні көшелер мен қоғамдық орындарда ауыр және аса ауыр қылмыстарға жол берілген жоқ, - деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

31 желтоқсан таңынан 1 қаңтар таңы аралығында полицияның 102 жедел байланыс пультіне 11 448 өтініш түсті, оның ішінде 3 082-сі түнгі уақытта келіп түскен. Қоңыраулардың басым бөлігі анықтамалық сипатта болды.

Азаматтар петардаларды пайдалану мәселелері бойынша хабарласып, мұз айдындары мен жаңа жылдық шыршалардың қайда орналасқанын нақтылады, сырғанақтарда адасып қалғандар туралы, сондай-ақ аулаларда дұрыс қойылмаған автокөліктер мен шығуға кедергі келтірген жағдайлар жөнінде хабарлады. Түскен барлық өтініштерге полиция қызметкерлері уақтылы әрекет етіп, қолданыстағы заңнама аясында қажетті шараларды қабылдады. Қабылданған шаралар мен полицияның үйлесімді жұмысының арқасында мерекелік іс-шаралар тыныш өтті. Көшелер мен қоғамдық орындарда заң мен тәртіп толық көлемде қамтамасыз етілді.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті