Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қазақстан күнбағыс майын экспорттаушы әлемдік жетекші сегіз елдің қатарына енді

Қазақстан күнбағыс майын экспорттаушы әлемдік жетекші сегіз елдің қатарына енді
Фото: pixabay.com

Мемлекет басшысының ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу үлесін 70%-ға дейін ұлғайту жөніндегі тапсырмасын орындау шеңберінде республиканың май саласы күнбағыс майын экспорттаушылардың әлемдік рейтингінде Қазақстанның 8-ші орынға шығуын қамтамасыз етті. Бұл туралы Майлы дақылдарды өңдеушілер ұлттық қауымдастығының басқарма төрағасы Ядыкар Ибрагимов мәлімдеді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2025 жылдың 10 айында тазартылған майдың экспорты 22%-ға өсіп, 132 мың тоннадан асты. Шетелдік жеткізілімдердің жалпы көлеміндегі жоғары қайта бөлу өнімдерінің үлесі 25%-ға дейін өсті, ал бір жыл бұрын бұл көрсеткіш 18%-дан аспаған.2026 жылы саланы дамытуға жиынтық қуаттылығы жыл сайын 370 мың тонна болатын төрт ірі инвестициялық жобаны іске қосу ықпал ететін болады. Бұл Қазақстанға таяудағы екі-үш жылда Орталық Азия мен Таяу Шығыс нарықтарындағы позициясын нығайтуға мүмкіндік береді.
«Мемлекет басшысы ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеуді дамыту жөнінде нақты міндет қойды. Осы тапсырманы жүзеге асырудың және шикізаттық емес тауарлардың экспортын қолдаудың нәтижесінде бұрын нетто-импорттаушы болған Қазақстан соңғы жылдары айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізді. Биыл біз әлемдік рейтингте алтыншы орынға ие боламыз деп күтеміз. Орта мерзімді перспективада біздің мақсатымыз – ТОП-5-ке кіру, ал болашақта күнбағыс майын әлемдегі ең ірі жеткізушілердің үштігіне ену», — деп атап өтті Ядыкар Ибрагимов.
скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады