Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Лецитин еліміздің шығысында өндірілетін болады

Лецитин еліміздің шығысында өндірілетін болады
Фото: ШҚО ақпараттық орталығы

Шығыс Қазақстан майлы дақылдарды өсіру және өңдеу бойынша ел өңірлері арасында көш бастап келеді. Бүгінде облыс майлы дақылдарды өңдеу көлемін 900 мың тоннаға, ал өсімдік майларын экспорттауды екі есеге арттыруға бағыт алып отыр, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ШҚО Ақпарат орталығына сілтеме жасап.

– Ел Президентінің Жолдауында 3 жыл ішінде АӨК-дегі қайта өңделген өнімнің үлесін 70%-ға дейін ұлғайту міндеті қойылған. Біз халықты сапалы және қауіпсіз азық-түлікпен қамтамасыз ету, сондай-ақ экспорт географиясын кеңейту мақсатында ауыл шаруашылығы өнімдерін барынша тиімді өндіруге баса назар аударып отырмыз, – дейді ШҚО әкімі Ермек Көшербаев.

2024 жылдан бастап жылына 4 мың тонна көлемінде сұйық лецитин өндіру үшін күнбағыс дәнін терең өңдеу технологиясы елімізде алғаш рет енгізілуде.

-Бүгінгі таңда тұқым қорының болуы өзекті. Біздің өңірде элиталық тұқым өсіретін кәсіпорын жұмыс істейді және күнбағыс, соя, жаздық бидай будандарын өндіреді. Айталық, "Бәйтерек" және "Байқоңыр" күнбағыс сорттары бірқатар әлемдік бәсекелестерінен озып, жетекші орындарға ие болды. Мұндай жұмысты "Майлы дақылдар тәжірибелік шаруашылығы" ЖШС жүргізуде, - деп қорытындылады өңір басшысы.

Жалпы, облыста ауыл шаруашылығы саласының әлеуеті жоспарлы түрде ұлғайып келеді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысында сөз сөйледі