Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Елорданың Сарыарқа ауданы бір жылда қалай абаттандырылды

Елорданың Сарыарқа ауданы бір жылда қалай абаттандырылды
Фото: Астана қ.әкімдігі

Сарыарқа ауданы – елорда тұрғындары ең тығыз қоныстанған аудандардың бірі. Мұнда 351 мыңнан астам адам тұрады.Тұрғындарға қолайлы орта қалыптастыру мақсатында 2025 жылы ауданда абаттандыру, көгалдандыру және қалалық инфрақұрылымды жаңарту бойынша ауқымды жұмыс жүргізілді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Астана қаласы әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Биыл ауданда бұзылған гараждардың, ескі үйлер мен бос жатқан жерлердің орнында алты жаңа қоғамдық кеңістік ашылды. Абаттандырылған аумақтың жалпы көлемі 18 мың шаршы метрден асты, ал барлық жоба маңайдағы тұрғындардың ұсыныстары ескеріле отырып әзірленді.Атап айтқанда, бұрын тұрғын үй орналасқан Алтынемел мен Гете көшелерінің қиылысында аумағы 2 мың шаршы метрден асатын, қауіпсіз әрі жарықтандырылған демалыс аймағы ашылды. Ы.Дүкенұлы көшесі мен Республика даңғылының қиылысындағы «Иллюзия» гүлзары күрделі жөндеуден өтті. Аумағы 5,8 мың шаршы метрден асатын бұл скверде жаңа жаяу жүргіншілер бағыттары салынып, заманауи жарықтандыру мен абаттандыру элементтері орнатылды.

Нәтижесінде аумақ тәуліктің кез келген уақытында серуендеуге қолайлы әрі ашық кеңістікке айналды.Сондай-ақ Республика даңғылы, 7/1 мекенжайында жаңа қоғамдық кеңістік абаттандырылды. Бұдан бөлек, Қарасай батыр көшесі, 16 және Жамбыл көшесі, 8 мекенжайларындағы бос жатқан аумақтар ретке келтірілді.Тарихи маңызы бар Гёте, Ә.Мәмбетов және Ғұмар Қараш көшелерін жаңартуға ерекше көңіл бөлінді. Бұл көшелерде заманауи жарықтандыру бағаналары мен жаңа көше жиһаздары орнатылды.Қалалық ортаны кешенді жаңартудың ең көрнекі мысалдарының бірі – Н.Тілендиев даңғылының Көктал көшесінен Астрахан тас жолындағы көпірге дейінгі бөлігі болды. Мұнда бір мезетте бірнеше бағытта абаттандыру, көгалдандыру және жаяу жүргіншілер инфрақұрылымының жайлылығын арттыру бойынша жұмыс жүргізілді.

«Бөлу жолағындағы бұрынғы төсемелі тастың орнына толыққанды жасыл дәліз жасалды. Егілген ағаштар мен бұталар шаң мен шудан табиғи тосқауыл құрып, микроклимат пен экологияны жақсартады. Жоба аясында 510-нан астам жапырақты қарағаш және 44 мыңнан астам сәндік-гүлді бұта отырғызылды. Бұл шешім тек көркемдік үшін емес, экологиялық тұрғыдан да тиімді. Ауаның ластануын азайтып, даңғылды жаяу жүргіншілер мен жүргізушілер үшін анағұрлым жайлы етеді», – деп хабарлады Сарыарқа ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Жаңарту жұмысы Е.Рахмадиев атындағы филармония алдындағы алаңды да қамтыды. Мұнда жаяу жүргіншілер жолы толық ретке келтіріліп, тактильді плиталар төселді және кедергісіз орта қамтамасыз етілді. Бұл жұмыс елордада инклюзивті ортаны қалыптастыру мақсатына сай жүзеге асырылды. Сонымен қатар аумақ заманауи көше жиһаздарымен, жаңа жарықтандыру тіректерімен, жергілікті суару жүйесімен және қосымша көгалдандыру элементтерімен толықтырылды.Жыл басынан бері ауданда 52 аула абаттандырылды, оның 36-сы «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында жүзеге асырылды.
Жалпы алғанда 20 мың шаршы метрден астам аула аумағы ретке келтірілді. Бұл аумақтарда заманауи балалар ойын кешендері мен спорт алаңдары орнатылып, демалыс аймақтары жабдықталды, қосымша жарықтандыру жүргізілді. Аулалар балалар, жасөспірімдер және жастар үшін қолайлы әрі ашық кеңістікке айналды.«Барлық шешім тұрғындардың сұраныстары ескеріле отырып қабылданды. Мақсат – аулаларды шын мәнінде жайлы ету», – деп атап өтті ведомствоның баспасөз қызметі. Бұдан бөлек, ауданның 263 ауласында жөндеу-қалпына келтіру жұмысы жүргізіліп, әткеншектер, сырғанақтар және өзге де шағын сәулет нысандары ауыстырылды.Айта кетейік, биыл елордада 170 аула мен қоғамдық кеңістік (саябақ, гүлзар, желекжол) абаттандырылды. Бұл жұмыс қаланың барлық ауданын, оның ішінде тұрғын алаптарды да қамтыды.скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті