Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Елордада полиция жалған пәтер жалға берушіні қолға түсірді

Елордада полиция жалған пәтер жалға берушіні қолға түсірді
Фото: pixabay.com

Елордада полиция жалған пәтер жалға берушіні қолға түсірді, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Елордада полиция қызметкерлері пәтерді жалға беру желеуімен алаяқтық жасаған деген күдікпен 34 жастағы ер адамды ұстады. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, оның әрекетінен 20-дан астам адам зардап шеккен. Анықталғандай, күдікті тұрғын үй іздеуге арналған танымал платформалардың бірінде аккаунт ашып, бірден бірнеше тартымды хабарландыру орналастырған. Жарияланымдарда интернеттен алынған жайлы пәтерлердің фотосуреттерін пайдаланып, жалдау бағасын нарықтағыдан едәуір төмен көрсеткен. Хабарландыруларға негізінен қолжетімді баспана іздеген жастар, студенттер мен өзге өңірлерден келген азаматтар жауап берген. Хат алмасу барысында ер адам пәтерді брондау үшін алдын ала төлем жасауды сұрап, ұсынылған бағаның тиімді екенін және ұзақ тұрмайтынын айтып сендірген. Азаматтар ақша аударғаннан кейін пәтер иесі байланысқа шықпай кеткен.

Полиция күдіктінің жеке басын анықтады. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оның өзге де осындай қылмыстарға қатысы бары тексеріліп жатыр. Полиция азаматтарды интернет-алаяқтық фактілерінің жиілегені жөнінде ескертіп, қырағы болуға шақырады. Интернет-алаяқтардың құрбаны болмас үшін жалға берілетін тұрғын үй туралы ақпаратты мұқият тексеріп, ресми шарт жасалмайынша және кілттер алынбайынша алдын ала төлем жасамау қажет.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті