Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Елордада жоқ пәтерді жалға берген алаяқ ұсталды

Елордада жоқ пәтерді жалға берген алаяқ ұсталды
Фото: pixabay.com

Елордада жоқ пәтерді жалға берген алаяқ ұсталды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Елордада пәтер жалдап, брондауға тапсырыс берген екі азамат полицияға хабарласып, белгісіз әйелге әрқайсысы 12 мың теңгеден беріп, алданып қалғандарын айтып, арызданған.

Алматы ауданық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында жылжымайтын мүлік бойынша алаяқтықпен айналысты деген күдікпен 35 жастағы әйелді анықтады.

Қазіргі уақытта оның екі алаяқтыққа қатысы бар екені белгілі болды. Бірақ алданғандар саны бұдан да көп болуы мүмкін деген болжам бар. Анықталғандай аталған күдікті Астанадағы танымал жылжымайтын мүлік сайтында жалға берілетін баспана туралы жалған хабарландырулар жариялаған. Онда жалдау бағасын төмендетіп көрсетіп, интерьердің түрлі-түсті фотосуреттерін қойып, адамдарды қызықтырған. Сөйлесу барысында әлеуетті жалға алушылармен үзіліссіз телефон арқылы хабарласып, барынша әр түрлі әдіспен ақшаларын жымқырудың жолын іздеген. Сөйтіп алдын ала жасалған төлемдерді Kaspi bank қосымшасы арқылы онлайн аударыммен алып отырған.

Аталған фактілер бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қазір қалған зардап шеккендердің кім екені анықталуда.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады