Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Энергетикалық инфрақұрылым: тұрақтылық және «жасыл» технологияларға көшу

Энергетикалық инфрақұрылым: тұрақтылық және «жасыл» технологияларға көшу
Фото: pixabay.com

2024 жыл инфрақұрылымды жаңғыртуға және жаңартылатын энергия көздерін дамытуға бағытталған бірқатар маңызды қадамдар арқылы Қазақстанның энергетика саласы үшін маңызды кезең болды. «Жылу-электр энергетикасын дамыту» бағдарламасы шеңберінде 14 жобаны іске асыруға, оның ішінде, жылумен қамту және электрмен жабдықтау нысандарын реконструкциялауға республикалық бюджеттен 52,7 млрд теңге бөлінді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Орал қаласында қосалқы 2 станса пайдалануға берілді, бұл өңірді энергиямен қамту сенімділігін едәуір арттырды. Сондай-ақ қайтарымды инвестициялар лимиті ұлғайтылды, бұл энергетикалық жабдықтарды жаңғырту бойынша жобалар пулын кеңейтуге мүмкіндік берді. Сонымен қатар жылу жүйесінің тиімділігін арттыруға және халыққа қызмет көрсету сапасын жақсартуға бағытталған «Жылу энергетикасы туралы» Заң қабылданды. Энергетикалық компаниялардың қаржылық тұрақтылығын және инфрақұрылымды жаңғыртуды қолдауды қамтамасыз ететін электр энергиясы мен қуатының дайындығын қолдау жөніндегі қызметтерге тарифтердің көтерілуі маңызды сәт болды. Жалпы, жылу және электр энергетикасы саласында 2024 жылы жаңғырту мен күрделі жөндеу жұмыстарына 327 млрд теңгеден астам қаржы жоспарланған. Халықаралық ынтымақтастық маңызды салаға айналды. Қазақстан Сауд Арабиясы, Қытай және Ресей сияқты шетелдік серіктестермен стратегиялық бірнеше келісімге қол қойды. Мысалы, наурыз айында Сауд Арабиясымен 1 ГВт жел электр стансасын іске асыру туралы келісімге қол қойылды, ал қарашада Қытаймен қуаты 1,8 ГВт жел және күн электр стансаларын салу туралы келісімге қол қойылды. Аталған жобалар жаңартылатын энергия көздерін дамытуда және еліміздің энергетикалық базасын әртараптандыруда маңызды қадам болмақ.скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді