Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматыда әскери қызметшілер Бибігүл Төлегенованы туған күнімен құттықтады

Алматыда әскери қызметшілер Бибігүл Төлегенованы туған күнімен құттықтады
Фото: ҚР Қорғаныс министрлігі

Алматы қаласында қазақтың әйгілі опера әншісі, ұстаз, Социалистік Еңбек Ері Бибігүл Төлегенованың үйінің ауласында әскери оркестр әуен төкті, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап. 

Алматы қаласы Бостандық ауданы қорғаныс істері жөніндегі басқармасының және армия генералы Сағадат Нұрмағамбетов атындағы Құрлық әскерлері әскери институтының әскери қызметшілері әйгілі әншіні Тәуелсіздік күнімен және 96 жасқа толған туған күнімен құттықтады. Олар өнер иесіне гүл шоқтары мен құттықтау хатын табыстап, көпжылдық шығармашылық еңбегі үшін алғыстарын білдірді.

Туған күні еліміздің Тәуелсіздік күнімен тұспа-тұс келген Бибігүл Ахметқызы үйінің терезесінен концертті жылы жүзбен тамашалады. Әскери оркестрдің әуенін тек әншінің өзі мен жақындары ғана емес, көпқабатты үйдің тұрғындары да ерекше ықыласпен қабылдады. Танымал өнер иесі әскери қызметшілерді әрдайым ерекше қуанышпен, ыстық ықыласпен қарсы алады.

Көңіл-күйі көтеріңкі болған Бибігүл Ахметқызы әскери қызметшілер мен барша қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтап.

— Әскери киімдегі жандарға деген құрметім ерекше. Қызметтеріңіз үшін және осындай әсерлі сыйлық үшін алғыс айтамын. Елімізге бейбітшілік, әрбір қазақстандыққа денсаулық, тыныштық пен ертеңгі күнге деген сенім тілеймін, — деді ол.




скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті