Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астаналық колледждің 83 ұланы әскери ант берді

Астаналық колледждің 83 ұланы әскери ант берді
Фото: ҚР Қорғаныс министрлігі

Конституция күніне орай Кеңес Одағының Батыры, Халық қаһарманы, армия генералы Сағадат Нұрмағамбетов атындағы әскери колледжде алғаш рет ант беру рәсімі өтті, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Салтанатты шараға Тәрбие және идеологиялық жұмыс департаментінің бастығы әділет полковнигі Тілеухан Басқожаев, Қарулы күштердің ардагерлері, Халық қаһарманы отставкадағы генерал-лейтенант Бақытжан Ертаев, отставкадағы генерал-майор Марат Нағұманов, әскери колледждің оқытушылары, еліміздің әртүрлі аймақтарынан келген ұландардың туыстары мен жақындары қатысты.

Қалыптасқан дәстүр бойынша армия генералы Сағадат Нұрмағамбетовтің ескерткішіне гүл шоқтары қойылды.

Әскери колледж тәрбиеленушілерін Тәрбие және идеологиялық жұмыс департаментінің бастығы әділет полковнигі Тілеухан Басқожаев құттықтады.

– Балаларыңыздың бойына кішкентай күнінен патриотизмді сіңіріп, болашақ Отан қорғаушыларды тәрбиелегендеріңіз үшін сіздерге ризамыз. Сіздер ұлдарыңыз, бауырларыңыз Қарулы күштер қатарында елге қызмет ететінін және оның тұтастығын қорғайтынын мақтан тұтуларыңыз керек, – деді Тілеухан Басқожаев.

Әскери ант беру рәсімі аяқталған соң оқу орнының басшылығы экскурсия ұйымдастырды. Онда қонақтар колледж мұражайында болып, казарма, оқу аудиториясы және асханамен танысты.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Раим мен Ерке Есмахан жуырда сәбилі болатынын хабарлады
Алматыдағы фитнес-клубта блогер Әсел Асқар соққыға жығылды
Ұлытау облысында бақшасына есірткі өсірген тұрғын анықталды
Марат Қарабаев Ұлытау облысының даму жоспарымен танысты
Димаш өзінің Stranger әлемдік турына кәсіби бишілерді іздеп жатыр
Мультимедиа
Қазақстан Президенті Berlin Global Dialogue форумында сөз сөйледі
Әлихан Смайылов Қазақстанда жаңа технологиялық құрылымның қалыптасуы туралы айтып берді
Мемлекет басшысы БҰҰ-ның Орнықты даму мақсаттары жөніндегі саммитіне қатысты
Қазақстанда ҰҚШҰ-ға қатысушы мемлекеттердің халықаралық есірткіге қарсы операциясы аяқталды
Қазақстанда күзгі шақыру науқаны басталды