Алматы жыл бойы туристерді қабылдайтын орталық ретіндегі мәртебесін нығайтып келеді. 2025 жылдың қаңтар–қазан айларында Shymbulak курортына 1,1 млн турист келді, ал жаз мезгілінде 450 мыңнан астам қонақ демалды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Shymbulak Орталық Азиядағы жетекші тау-шаңғы курорттарының бірі саналады және халықаралық басылымдардың нұсқасы бойынша әлемдегі үздік 5 тау-шаңғы бағытының қатарына кіреді. 6 желтоқсанда курорт қысқы маусымды ресми түрде ашты.Жаңа маусымда сырғанау үшін Талғар, Жасыл Алаң, Ақ Аю және Ақбарсық трассалары қолжетімді. Қосымша беткейлер мен түнгі сырғанау алаңдары тұрақты суытқан сәттен бастап ашылады.Shymbulak қонақтарды қабылдауға толық дайын: курорт бес айлық сырғанау маусымын және таудағы демалысқа арналған жайлы инфрақұрылымды ұсынады, - делінген хабарламада.