Биылғы жылы «Медеу» таулы мұз айдыны маусымды әдеттегіден он күн өткен соң, яғни 25-ші наурызда аяқтайды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жаппай сырғанауды ұзарту туралы шешім Наурызды мерекелеу құрметіне және алматылықтардың мұзда сырғанауға деген ерекше сүйіспеншілігін ескере отырып қабылданды.Әдетте маусым алдыңғы жылдардағыдай 15 наурызда аяқталды. Биылғы жылы мереке күндері мен жоғары сұраныстың арқасында мұз айдыны тағы он күнге ұзағырақ жұмыс істейді. Көктемгі жылынудың басталуына және мұздың сапасына әсер ететін күн қызуының жоғарылауына байланысты жаппай сырғанау тек кешкі уақытта жүзеге асырылады. Жұмыс кестесі: жұмыс күндері-17:00-ден 20:00-ге дейін Демалыс және мереке күндері – 17:00-ден 20:00-ге дейін және 21:00-ден 24:00-ге дейін, - делінген хабарламада.Алматының тұрғындары мен қонақтары маусымның соңғы күндерін тамашалауға және «Медеуге» ұмытылмас сырғанау кештерін өткізуге шақырылады.