Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматы елдегі жетекші инвестициялық орталық ретіндегі орнын нығайтып келеді

Алматы елдегі жетекші инвестициялық орталық ретіндегі орнын нығайтып келеді
Фото: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматы Қазақстанның жетекші инвестициялық орталықтарының бірі ретіндегі мәртебесін дәлелдеп отыр, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Биыл қаңтар-қыркүйек айларының қорытындысы бойынша қаланың негізгі капиталына 1,5 трлн теңге инвестиция тартылды, оның ішінде жеке сектор үлесі – 1,1 трлн теңге.

Бүгінде шаһарда жалпы құны 3,6 трлн теңгеден асатын 189 инвестициялық жоба жүзеге асырылып жатыр. Бұл бастамалар 33 мың жаңа жұмыс орнын ашып, қаланың экономикалық дамуына қуатты серпін бермек.

Шағын және орта бизнес қала экономикасының негізгі тірегі болып қалып отыр, олар барлық жұмыс орындарының жартысын қамтамасыз етеді. 2025 жылы кәсіпкерлікті қолдауға 50 млрд теңгеден аса қаржы бөлінді, бұл республика бойынша ең жоғары көрсеткіш.

Алматы туристер үшін де тартымдылығын сақтап келеді. 2025 жылдың алғашқы жартыжылдығында мегаполиске 1 миллионнан астам турист келді. Туризм қаланың экономикалық құрылымында маңызды бағытқа айналып, бизнес үшін жаңа мүмкіндіктер ашып отыр.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті