Алматыда жол ережесін өрескел бұзған құқық бұзушылар жауапқа тартылды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Алматыда жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жол-көлік апаттарын азайтуға бағытталған жүйелі жұмыс жалғасуда. Әкімшілік полиция қызметкерлері жол ережелерін өрескел бұзатын жүргізушілерді, соның ішінде әкімшілік айыппұлдарды төлеуден жалтарғандарды анықтауға бағытталған арнайы іс-шаралар жүргізуде.
Рейдтік іс-шаралар барысында бірнеше көлік ұсталды, олардың иелері елеулі сомадағы айыппұлдарды төлемеген. Бір жағдайда айыппұлдар сомасы 4 миллион теңгеден асып кетсе, басқасында 500 мың теңгеден асты. Барлық жүргізушілер көлікті басқарудан уақытша шеттетілді, көліктер арнайы айып тұрағына қойылды. Полиция атап өткендей, мұндай құқық бұзушылықтар жол қозғалысының барлық қатысушылары үшін қауіп тудырады және оларға қатаң әрекет ету қажет.
Полиция рейдтік іс-шараларды күшейтілген режимде жалғастыра береді.