Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматыда әлеуметтік тұрғыдан осал тұрғындарды газбен қамту жалғасып жатыр

Алматыда әлеуметтік тұрғыдан осал тұрғындарды газбен қамту жалғасып жатыр
Фото: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматыда әлеуметтік тұрғыдан осал топтағы азаматтардың тұрғын үйлерін газдандыру жобасы қарқынды жүзеге асырылып жатыр. Жобаның мақсаты – ерекше қолдауды қажет ететін тұрғындарды сенімді әрі қауіпсіз газбен қамту, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жоба Алматы қаласы әкімдігінің, «Халық банк» АҚ және «Халық» қайырымдылық қорының қолдауымен іске асырылып жатыр. Бұл жұмыс қарқынын айтарлықтай жеделдетіп, қосылу ауқымын кеңейтуге мүмкіндік берді.

Газдандыру кезең-кезеңмен жүргізіліп, үй иесіне толықтай дайын күйде беріледі. Әлеуметтік осал санатқа жататын тұрғындар есептегіш құралдарды, газ жабдығын, жылыту радиаторларын және басқа да қажетті материалдарды сатып алмайды, барлық шығынды қор өтейді.

Көмек алушылардың тізімін газға қосылу ақысын өз бетінше төлеуге мүмкіндігі жоқ азаматтар арасынан жергілікті атқарушы орган анықтайды.

Бүгінде 50 үйде құрылыс-монтаж жұмысы аяқталып, соның 42-сі газға қосылды. Тұрғындар заманға сай газбен қамтудың артықшылықтарын пайдалана бастады.

Сонымен қатар мамандар екінші кезеңнің қамын жасап, үйлерді аралап, құжат реттеу мен жаңа өтініштерді қарастыруды қолға алған.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті